30.11.2017, 14:09 13320

Қызылорда облысында "Сыбайлас жемқорлықтыӊ алдын алудыӊ бірыӊғай оқу сағаты" іс-шарасы өткізілді

29 қарашада республиканыӊ барлық жоғары оқу орындарында, колледждерде және орта мектептерде профессорлық-оқытушы құрамы мен студенттердіӊ және мектептердіӊ ұстаздары мен жоғары сынып (9-11 сынып) оқушыларыныӊ қатысуымен "Сыбайлас жемқорлықтыӊ алдын алудыӊ бірыӊғай оқу сағаты" іс-шарасы өткізілді.

Қызылорда. 30 қараша. Kazakhstan Today - Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және оған мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ ұйымдастыруымен ағымдағы жылғы 29 қарашада республиканыӊ барлық жоғары оқу орындарында, колледждерде және орта мектептерде профессорлық-оқытушы құрамы мен студенттердіӊ және мектептердіӊ ұстаздары мен жоғары сынып (9-11 сынып) оқушыларыныӊ қатысуымен "Сыбайлас жемқорлықтыӊ алдын алудыӊ бірыӊғай оқу сағаты" іс-шарасы өткізілді.

Осы бірыӊғай республикалық іс-шараға жоғары оқу орындары мен колледждер және 284 орта мектептер қосылып, онда оқытушылармен оқу сағаттары жүргізілген болатын.

Аталған бірыӊғай сабақ 2015-2025 жылдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясы мен "100 нақты қадам" Ұлт жоспары бойынша және сыбайлас жемқорлықтыӊ алдын алуға бағытталған мемлекеттік саясаттыӊ маӊыздылығы мен сыбайлас жемқорлықтағы өзекті мәселелер тақырыбында ғаламтор желісі арқылы тікелей эфирге қосылуымен жүргізілді.

Өткізілген оқу сағаттарына жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарын қатыстырып, телеарналарда, баспаларда және ғаламтор желісінде ақпараттық агенттіктер мен әлеуметтік желілердегі тікелей эфир қосылуымен жаппай жариялануда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны