05.09.2012, 17:34 3073

Қызылорда облысында Сырдарияға үрмелі бөгет орнату жоспарлануда

Қызылорда облысында су тапшы кезде егісті судан қалдырма әрі бюджет қаржысын үнемдеуге сеп болатын тың жоба іске асырылмақ.

Қызылорда. 5-қыркүйек. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында Сырдарияға үрмелі бөгет орнату жоспарлануда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қызылорда облысында су тапшы кезде егісті судан қалдырма әрі бюджет қаржысын үнемдеуге сеп болатын тың жоба іске асырылмақ.

Жаңақорған ауданындағы арналардың біріне үрмелі бөгет орнату жоспарлануда. Сондай-ақ, осы ауданда ұңғыма құдықтар қазу арқылы бау-бақша мен көгалдарды суару шаралары нәтиже бере бастапты. Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков Қызылорда облысына іссапары барысында осы жұмыстарға куә болып қайтты.

Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында көп жылдан бері егіске қажет су тапшы. Мысалы, былтыр 1,5 мың гектар күріш алқабы сусыз қалған. Аудандағы бірнеше ауылда көп жылдан бері бау-бақшаға су жетіспейді. Осы мәселе тек биыл шешімін тапты. Ол үшін әр үйде жерден су шығаратын ұңғыма қазу жеткілікті. Мемлекет қаржысына салынған осындай құдық қазір 240 отбасында бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны