02.06.2017, 17:03 6344

Қызылорда облысында сотталғандар арасында семинар өтті

Мекемедегі сотталғандардыӊ эмоционалдық жағдайда өз-өзін басқара алмай депрессиялық жағдайда түрлі суицидтік әрекетке бару қауіптілігініӊ алдын-алу жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады. Сонымен қатар, ортаға қалыптасуы, депрессиялық жағдайға түспеуі үнемі қадағаланып, бұл бағытта психопрофилактикалық жұмыстар ұйымдастырылады

Қызылорда. 2 маусым. Kazakhstan Today - Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментініӊ ЗК-169/5 мекемесінде сотталған азаматтар арасында өз-өзіне қол жұмсау және өз-өзіне дене жарақатын салу, басқа да құқық бұзушылықтардыӊ алдын-алу мақсатында "Адамныӊ эмоционалды жағдайын басқару негіздері" тақырыбында семинар тренинг өткізілді. Семинарға Қызылорда облыстық прокурорыныӊ аға көмекшісі М.Ибрашев, Қызылорда облыстық жастар денсаулығы орталығыныӊ маман психологы М.Бексұлтанова және Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетініӊ педагогика және психология кафедрасыныӊ оқытушысы С.Дәрібаева, Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК-169/1 мекемесініӊ психологы Ж.Жұматаева қатысып, тақырып аясында жазаға іліккен азаматтармен ашық пікір алмасты.

Мекемедегі сотталғандардыӊ эмоционалдық жағдайда өз-өзін басқара алмай депрессиялық жағдайда түрлі суицидтік әрекетке бару қауіптілігініӊ алдын-алу жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады. Сонымен қатар, ортаға қалыптасуы, депрессиялық жағдайға түспеуі үнемі қадағаланып, бұл бағытта психопрофилактикалық жұмыстар ұйымдастырылады,- деп хабарлайды Айдос ЖҮСІПБЕКОВ, ЗК-169/5 мекемесініӊ аға инспектор психологы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны