02.05.2017, 20:51 3741

Қызылорда облысында спорттық биден "Весенние ритмы - 2017" атты ашық турнир өтті

Қызылорда облысындағы "ПетроҚазақстан" спорт кешенінде тұӊғыш рет спорттық биден "Весенние ритмы - 2017" атты ашық турнир өтіп, оған Ташкент, Байқоӊыр, Ақөбе, Шымкент және Қызылорда қалаларынан 400-ден астам қатысушы жиналды, деп хабарлайды Қызылорда облысыныӊ Азаматтық Альянсы қауымдастығыныӊ баспасөз қызметі.

Қызылорда. 2 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда облысындағы "ПетроҚазақстан" спорт кешенінде тұӊғыш рет спорттық биден "Весенние ритмы - 2017" атты ашық турнир өтіп, оған Ташкент, Байқоӊыр, Ақөбе, Шымкент және Қызылорда қалаларынан 400-ден астам қатысушы жиналды, деп хабарлайды Қызылорда облысыныӊ Азаматтық Альянсы қауымдастығыныӊ баспасөз қызметі.

Турнирдіӊ ұйымдастырушысы "Орда" клубы шараны облыстық денешынықтыру және спорт басқармасыныӊ қолдауымен жүзеге асырды.

- Біздіӊ федерация осыдан 2 жыл бұрын құрылды, - дейді спорттық биден клуб жетекшісі әрі облыстық федерация президенті Анатолий Цой. - "Орда" клубы да осы кезде пайда болды. Қазір бізде 50-ге жуық адам тұрақты айналысуда. Республикалық, халықаралық турнирлерден жүлдемен оралдық. Осыған дейін Қазақстан мен Өзбекстанда болған жарыстарға қатыссақ, алда Орынборда өтетін сайысқа шақыру алып отырмыз.

Спорттық бұл түрі Қызылордада енді дамып келеді. Сондықтан да клуб басшылығы қазір оны насихаттауға барын салуда. Осы мақсатта ай аяғында клуб құрамына балаларды қабылдау басталады.

Сонымен қатар, спорттық бимен оншақты жылдан бері айналысып келе жатқан Анатолий Цой мүгедектер арасында да бұл бағытты дамытуды көздеп отыр. Оныӊ бұл бастамасы облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы мен параолимпиадалық комитет тарапынан қолдау тауып, турнирде арбаға таӊылған жандар да өнер көрсетті. "Айырықша би" атауын иеленген жобаныӊ жүзеге асуына "Қызылорда еріктілері" қауымдастығы мүшелері де үлес қосты.

"Айрықша би" жобасы бойынша өнер көрсеткен бишілерге меценаттар әзірлеген сыйлықтар табыс етілді.

Турнирді ұйымдастырушыларға ҚР би спорты федерациясынан келген бас төреші Юрий Зайдентрумф жылы лебізін жеткізді.

- Бұл Қызылордаға алғаш келуім, - дейді ол. - Бірақ, жақында ашылған клубтыӊ мына талабына қарағанда Сырға әлі де талай жолымыз түсетін сияқты. Ирине, мен бұған қуаныштымын. Бүгінгі турнирге қатысқандардыӊ арасынан алда талай жарыстан озып шығар таланттыларды байқадым.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны