15.05.2017, 13:49 3998

Қызылорда облысында су басу қаупі сейілді

Шардара су қоймасына құйылып жатқан су жылдамдығы төмендеп, су көлемі азайды. Бүгінде су ағыны секундына 1200 текше метрді құрайды. Бұл өткен күндермен салыстырғанда 300 текше метрге кем.

Қызылорда. 15 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда облыстық Өӊірлік Коммуникациялар қызметініӊ ұйымдастыруымен 12 мамырда дариядағы ахуалға байланысты көшпелі брифинг өтті. Оған Арал-Сырдария бассейндік инспекциясыныӊ басшысы ?ділхан Қарлыханов, "ҚазСуШар" РМК Қызылорда облыстық филиалыныӊ директоры Болат Арыстанбаев ж?не облыстық төтенше жағдайлар департаментініӊ бөлім басшысы Бақтияр Тұрманов қатысты.

Брифинг барысында жауапты сала басшылары аймақта су тасу қаупініӊ сейілгендігін м?лімдеді.

- Шардара су қоймасына құйылып жатқан су жылдамдығы төмендеп, су көлемі азайды. Бүгінде су ағыны секундына 1200 текше метрді құрайды. Бұл өткен күндермен салыстырғанда 300 текше метрге кем. Бұған дейін тиісті сала қызметкерлері тарапынан дарияныӊ бойына кезекшілік ұйымдастырылған. Сол жұмыстардыӊ нәтижесінде су алу қаупініӊ алдын алдық. Аймақтағы ешқандай елді мекенді су басқан жоқ, - деді Болат Арыстанбаев.

Облыс бойынша елді мекендердіӊ басым бөлігі дария жағалауында орналасқандықтан адам және мал шығынын болдырмау мақсатында барлық аудандар мен қалада жедел штаб құрылғандығы белгілі.

- Су басу қаупініӊ алдын алу жұмыстары барысында азаматтық қорғау қызметтері күшейтілген режимде жұмыс жасады. Бұл жұмыстарға 262 құрылым, 841 техника жұмылдырылды. 6520 метр қосымша қорғаныс бөгеті соғылды, - дейді ТЖД бөлім басшысы Бақтияр Тұрманов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны