03.05.2017, 15:09 3877

Қызылорда облысында су тасқынына қарсы шаралар жүйелі атқарылуда

Азаматтық қорғаныс қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардыӊ жедел топтары елді мекен тұрғындарына қауіпті аймақтардағы елді мекендерді су басу кезіндегі іс - қимыл бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тұрғындармен әӊгімелесу кезінде су келген жағдайда, тез арада құжаттарды жинап, бүкіл отбасымен эвакуациялық пунктке көшу қажеттігі туралы айтылды

Қызылорда. 3 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментініӊ дағдарыс орталығында азаматтық қорғау қызметкерлерінен жедел штаб құрылды. Тәулік бойы психологтар 8(724)2-307154 "қауырт желі" телефоны арқылы облыс тұрғындарына кеӊестер беріп, психологиялық көмектер көрсетуде.

Облыс елді мекендерін су басуға жол бермеу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 806 бірлік техника, 1 тікұшақ және 2097 адам дайындыққа келтірілді. Халықты уақытша орналастыру үшін 96 қабылдау - эвакуациялық пункті мен 82 жинақ - эвакуациялық пункті дайындалды.

ТЖД жеке құрамы күшейтілген қызмет өткеру тәртібіне көшірілді. Басшылық тарапынан дария деӊгейі мониторингін бақылау күшейді. Бұған қоса бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізілуде. Тек Жалағаш ауданында көпшіліктіӊ күшімен 22 000 астам қап, облыс бойынша 59 000 қап құм әзірленді. Күн сайын төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері қорғаныс бөгеттерін тексеруде. Бүгінгі күні Қызылорда облысыныӊ аумағына секундына 1400 текше метр су келуде, Қызылорда су торабы арқылы жіберілетін судыӊ көлемі секундына 528 текше метр.

Азаматтық қорғаныс қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардыӊ жедел топтары елді мекен тұрғындарына қауіпті аймақтардағы елді мекендерді су басу кезіндегі іс - қимыл бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тұрғындармен әӊгімелесу кезінде су келген жағдайда, тез арада құжаттарды жинап, бүкіл отбасымен эвакуациялық пунктке көшу қажеттігі туралы айтылды. Сонымен қатар көшпелі брифингтер өткізу, тұрғындарға ұялы операторлар арқылы SMS хабарламалар жіберу, әлеуметтік желілер, облыстық телеарна мен мерзімді басылымдар арқылы құлақтандыру жұмыстары ұйымдастырылды,- деп хабарлайды Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны