13.02.2007, 16:29 3190

Қызылорда облысында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету қоры ашылды

ҚЫЗЫЛОРДА. 13-ақпан. Kazakhstan Today. Қызылорда облысында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету қоры ашылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне облыстық ішкі саясат департаментінен хабарлады.

"Арал өңірі тұрғындарына материалдық шығын әкелген су тасқынына қатысты күрделі ахуалға байланысты су тасқыны зардаптарын жою жөнінде қайырымдылық және демеушілік көмек қоры ашылды",- деп хабарлайды департамент.

Облыстық ішкі саясат департаментінен хабарлағанындай, бірінші болып қорға 200 мың теңгені аграрлық колледж аударды. "Ақша оқу орнының арнайы қорынан аударылған, сол себепті оқытушылар да, студенттер де бұдан зардап шекпейді",- деді колледж директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Нұрлан Құдайбергенов.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қызылорда облысында Сырдария өзенінде су тасқыны салдарынан жүздеген саяжай су ішінде қалды. Су тасқыны аймағынан 1,5 мың адам көшірілген.

Қазір су тасқынының зардаптарын жою жұмыстары жалғасуда. Сырдарияда мұзды жару жұмыстары 40 мәрте жүзеге асырылды. Төтенше жағдайдың зардаптарын жоюға 500-дей адам тартылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны