23.05.2017, 14:49 4179

Қызылорда облысында судағы қауіпсіздік жайы айтылды

Жасақ құтқарушылары семинарға қатысушыларға судағы қауіпсіздік ережелері туралы үнпарақтар таратты.

Қызылорда. 23 мамыр. Kazakhstan Today - Суға шомылу маусымына орай Оӊтүстік өӊірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағыныӊ құтқарушылары мен Жаӊақорған ауданыныӊ Төтенше жағдайлар бөлімініӊ қызметкерлерімен бірлесіп "Талдысу" тынығу лагерінде "Балаларды сауықтыру ұйымдарыныӊ дайындығын, балалардыӊ қауіпсіз демалысын, тамақтануын, медициналық көмек пен сауықтыру шараларын ұйымдастыру" тақырыбында семинарға қатысты.

Оӊтүстік өӊірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы өкілдері хабарлағандай, семинардыӊ негізгі мақсаты оқушылар бойында төтенше жағдайда құтқару дағдысын қалыптастырып, зардап шеккендерге қажетті алғашқы көмек беруді үйрету болды.

Тәрбиешілерге табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде қауіпсіздік ережелерін міндетті түрде сақтау қажеттілігі айтылды. Сондай дәрігерлер жеткенше көмек көрсетудіӊ әдістері көрсетілді, сонымен қатар авариялық құтқару құралдары және сүӊгуір жабдықтарыныӊ көрмесін өткізді.

Жасақ құтқарушылары семинарға қатысушыларға судағы қауіпсіздік ережелері туралы үнпарақтар таратты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны