30.06.2017, 16:26 10201

Қызылорда облысында "Судан сақ бол" акциясы өтті

Сұрақ-жауап форматындағы шара барысында құтқарушылар мен тұрғындар еркін пікір алмасты. Жиналғандарға суға түсу ережелері мен қауіпті жағдайға тап болған жандарға көмек көрсету жолдары түсіндірілді.

Қызылорда. 30 маусым. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында Өӊірлік коммуникациялар қызметі мен облыстық төтенше жағдайлар департаментініӊ бірлесіп ұйымдастыруымен "Жібек жолы" СОСО алдында "Судан сақ бол" атты акциясы өтті.

Сұрақ-жауап форматындағы шара барысында құтқарушылар мен тұрғындар еркін пікір алмасты. Жиналғандарға суға түсу ережелері мен қауіпті жағдайға тап болған жандарға көмек көрсету жолдары түсіндірілді. Төтенше жағдайлар қызметініӊ құтқару қондырғылары таныстырылды. Шара соӊында жиналғандарға ескерту парақшалары таратылды.

Аймақта жыл басынан бері 10 адам суға кеткен. Оныӊ үшеуі бала. Мамандар қайғылы жағдайлардыӊ басты себебі ретінде тұрғындардыӊ рұқсат етілмеген жерлерде шомылуы, спирттік ішімдік ішіп суға түсуі және балалардыӊ өзен-көл жағалаулары мен каналдарда ата-аналардыӊ қадағалауынсыз жүруін айтады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны