23.05.2017, 14:41 3994

Қызылорда облысында тағылымы мол кездесу өтті

Қызылорда облысы Жалағаш ауданында Бауыржан Момышұлыныӊ келіні, қазақ салт-дәстүрлер мен отбасылық құндылықтарды насихаттаушы Ахметова Зейнеп Асқарбекқызымен кездесу өтті.

Қызылорда. 23 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда облысы Жалағаш ауданында Бауыржан Момышұлыныӊ келіні, қазақ салт-дәстүрлер мен отбасылық құндылықтарды насихаттаушы Ахметова Зейнеп Асқарбекқызымен кездесу өтті. Кездесуге аудан әкімініӊ орынбасары Ж.Тажмаханов, облыстық ішкі саясат басқармасыныӊ "Тілдерді оқытудыӊ өӊірлік орталығы" мемлекеттік мекемесініӊ директоры, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы облыстық әйелдер кеӊесініӊ төрайымы Н.Мұсаева, аудан тұрғындары, ардагерлер, жастар және БАҚ өкілдері қатысты. Кездесуді аудан әкімініӊ орынбасары Ж.Тажмаханов жүргізіп отырды.

Қазақ келіндерініӊ ғажап үлгісін көрсете білген Зейнеп Ахметова батыр атасы жайлы қызықты да, тартымды әӊгіме өрбітті.

- Меніӊ өзге келіндерден айырмашылығым да, ерекшелігім де -Ұлы тұлғаныӊ, даӊқты қолбасшыныӊ, батыр атамныӊ келіні болғанымда. Бұл мыӊныӊ біріне бұйыра бермейтін бақыт. Алла маӊдайыма алты алаштыӊ ардақтысына келін болуды бұйырғанына өзімді бақытты санаймын. Қазақтыӊ намысын ту ғып көтерген, ұлтыныӊ қамын жеген ұлы атамыздыӊ халқына, еліне, жеріне деген керемет сезімдері маған да дарыды,- деді Зейнеп Асқарбекқызы.

Кездесуде көпшілік қауым өздерін қызықтырған түрлі сауалдарға тұшымды жауап алды. Кеш соӊында батыр атамыздыӊ келініне сый құрмет көрсетілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны