15.05.2017, 12:03 4218

Қызылорда облысында "Талапқа талғам-таразы" атты мамандық таӊдау бағытында керуен жұмысы ұйымдастырылуда

"Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру" жобасы аясында Қызылорда қаласындағы 13 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы мамандары және "Серпін-2050" бағдарламасына сәйкес еліміздіӊ 12 жоғары және арнаулы орта білім беру ұйымдарынан құралған топ үгіт насихат жұмыстарын бастады.

Қызылорда. 15 мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудыӊ 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, 2017 жылдыӊ 11-15 мамыр аралығында облыс әкімініӊ орынбасары Р.Рүстемовпен бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарыныӊ "Талапқа талғам-таразы" атты кәсіби бағдар беру ақпараттық-насихаттық тобыныӊ облыс аудандарында мектеп бітіруші түлектеріне мамандық таӊдау бағытында керуен жұмысы ұйымдастырылуда. Елбасыныӊ "Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" Жолдауын жүзеге асыру мақсатында "Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру" жобасы аясында Қызылорда қаласындағы 13 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы мамандары және "Серпін-2050" бағдарламасына сәйкес еліміздіӊ 12 жоғары және арнаулы орта білім беру ұйымдарынан құралған топ үгіт насихат жұмыстарын бастады.

"Серпін -2050" бағдарламасы бойынша Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Жәӊгір хан атындағы БҚАТУ, Солтүстік Қазақстан облысы М. Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжі, Атырау мұнай және газ университеті, Көкшетау қаласы Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Жезқазған қаласы, О.Байқоӊыров атындағы университеті, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті,М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Павлодар облысыныӊ аграрлы -техникалық колледжі, Семей қаласыныӊ Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өӊірлік университеті, Семей қаласы, "Право и бизнес" колледжініӊ мамандары қатысады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны