01.06.2017, 17:31 4493

Қызылорда облысында "Тар жол, тайғақ кешу" тарихи-құжаттық көрмесі ұйымдастырылды

Қызылорда облысындағы Студенттер сарайында 31 мамыр - Саяси қуғын -сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Қазақстан Республикасы Президентініӊ және Қызылорда облысыныӊ мемлекеттік архивініӊ ұйымдастыруымен "Тар жол, тайғақ кешу" тарихи-құжаттық көрмесі ұйымдастырылды.

Қызылорда. 1 маусым. Kazakhstan Today - Қызылорда облысындағы Студенттер сарайында 31 мамыр - Саяси қуғын -сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Қазақстан Республикасы Президентініӊ және Қызылорда облысыныӊ мемлекеттік архивініӊ ұйымдастыруымен "Тар жол, тайғақ кешу" тарихи-құжаттық көрмесі ұйымдастырылды.

Көрмені ҚР Мемлекеттік хатшысы Г. Ибдіқалықова, Қазақстан Республикасы Ассамблеясы төрағасыныӊ орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Икімшілігініӊ Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығыныӊ меӊгерушісі Д. Мыӊбай, облыс әкімі Қ. Көшербаев және "Тарихтан тағылым - өткенге тағзым" халықаралық форумына келген қонақтар тамашалады.

Архивтік құжаттар арқылы қоғамды ХХ ғасырдыӊ басынан бастап Қазақстан халқыныӊ көпэтникалық құрамыныӊ қалыптасу тарихыныӊ аспектілерімен таныстыруды көздеген көрмеге тарихи мәні зор құжаттар қойылды. Көрме материалдары арқылы барлық этностардыӊ бірлігі мен татулығыныӊ символы - Қазақстан халқы ассамблеясыныӊ ролі мен "Мәӊгілік Ел" жалпыұлттық патриоттық идеясы құндылықтарын ілгерілету идеясы ашыла түсті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны