30.05.2017, 18:48 4108

Қызылорда облысында "Тарихтан тағылым - өткенге тағзым" халықаралық форумы өтпек

Қызылорда облысында тұӊғыш рет ұйымдастырылып отырған "Тарихтан тағылым - өткенге тағзым" халықаралық форумыныӊ ауқымы кеӊ. Оны ұйымдастырушылар: Қазақстан халқы Ассамблеясы, ҚР Президенті жанындағы "Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттік мекемесі және Қызылорда облысыныӊ әкімдігі.

Қызылорда. 30 мамыр. Kazakhstan Today - Елбасы шешімімен 1997 жылдан бастап "31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні" болып ресми бекітілген. Осы арқылы саяси қуғын-сүргін құрбандарыныӊ есімдерін тарих бетінде мәӊгілік қалдыру мақсатында өте ауқымды шаралар қолға алынуда. Оларға арнап тұрғызылған ескерткіштер, олардыӊ жатқан жерлерін іздестіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл тұрғыда Елбасы "Саяси қуғынға ұшырағандарды еске алу күнінде: "Біздіӊ мақсатымыз - жау іздеу емес, болған қасіретті ұмытпау, нақты тарихты білу, оны жазып қалдыру және біздіӊ тұқым-жұрағаттарымыз білу үшін еске алып отыру" деген болатын.

Осы ретте Қызылорда облысында тұӊғыш рет ұйымдастырылып отырған "Тарихтан тағылым - өткенге тағзым" халықаралық форумыныӊ ауқымы кеӊ. Оны ұйымдастырушылар: Қазақстан халқы Ассамблеясы, ҚР Президенті жанындағы "Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттік мекемесі және Қызылорда облысыныӊ әкімдігі.

Шараныӊ алғашқы күндерінде аймақтағы барлық ЖОО, колледж бен кәсіпорын базасында бейбітшілік сабағы жүреді. Сабаққа Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстан Республикасы Президенті архиві, ҚР Президенті жанындағы "Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттік мекемесі, еліміздіӊ және Түркияныӊ іргелі жоғары оқу орны өкілдері, ғалымдар қатысады, лекция оқылады. Мұнан соӊ Н.Ілиясов атындағы ауылда Қызылорда облыстық Қоғамдық келісім кеӊесініӊ көшпелі отырысы өтеді. "Теӊдессіз сый" акциясымен облыстық кітапханаға кітаптар топтамасын тарту жасайды. "История Казахстана. Документы и материалы (1917-2012)" хрестоматиясыныӊ таныстырылымы өтеді.

"Қайырымды ел" ақциясымен Талсуат ауылындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қайырымдылық шарасы ұйымдастырылады.

Өз кезегінде "Жібек жолы" сауда-сауықтыру орталығыныӊ кинозалында "Алжир" фильмініӊ көрсетілімі жүреді.

Арай ауданындағы жаӊарған ескерткіш жанында 31 мамыр күні таӊертеӊгі сағат 9.00-де Саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған митингі өтеді. Мұнан кейін Студенттер сарайында "Тар жол тайғақ кешу" атты тарихи-деректі көрмесі ұйымдастырылады. Ал, сағат 10.30-да "Тарихи жады және тағылым - рухани жаӊғырудыӊ негізі" ғылыми-практикалық конференция жұмысы басталады. Конференция аясында пленарлық және секциялық мәжілістер өтеді. Соӊынан өӊірлердегі Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығы меӊгерушілерініӊ отырысына жалғасады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны