06.03.2017, 16:06 4158

Қызылорда облысында татар этномәдени бірлестігініӊ ұйымдастыруымен мерекелік кеш өтті

Қызылорда облысыныӊ Достық үйініӊ концерт залында 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай татар этномәдени бірлестігініӊ ұйымдастыруымен мерекелік кеш өтті. Оған облыс әкімініӊ орынбасары Руслан Рүстемов, барлық этномәдени бірлестік өкілдері қатысты, деп хабарлайды облыстық ҚХА баспасөз қызметі.

Қызылорда. 6 наурыз. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ Достық үйініӊ концерт залында 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай татар этномәдени бірлестігініӊ ұйымдастыруымен мерекелік кеш өтті. Оған облыс әкімініӊ орынбасары Руслан Рүстемов, барлық этномәдени бірлестік өкілдері қатысты, деп хабарлайды облыстық ҚХА баспасөз қызметі.

Салтанатты кеште облыс әкімініӊ орынбасары барша қатысушыларды мерекемен құттықтап, татар этномәдени бірлестігініӊ ақ жаулықты аналарын марапаттады.

- "Достық пен ағайындық байлықтан қымбат" демекші, көне тарих көрсетіп отырғандай, қазақ пен татарлар бір-бірімен 400 жылдан бері араласып келеді. Төзімділік пен сенім, ұлттық дәстүрді қастерлеу, мұныӊ бәрі - бірлігіміз бен тірлігіміздіӊ нығаюыныӊ кепілі. Көк туымыз желбіреген тәуелсіз елімізде өмір сүріп жатқан этностардыӊ мәдениеті келешекте жалғасын тапса, біздіӊ халқымыздыӊ қалтқысыз достығы мен туыстығы түбі бір тайпадан тарағанымыздыӊ айғағы ретінде ғасырлардан ғасырларға жалғаса бермек,-деді Руслан Рүстемұлы. .

Айта кетейік, аталмыш шара татар этномәдени бірлестігініӊ негізін қалаушы Нағима Ахмадееваныӊ туған күнімен қатар тойланды. Өткен жылы қаладағы №112 орта мектебіне Н.Абдулқызыныӊ аты берілген болатын.

Бірлестік тарапынан үшінші жыл қатарынан өткізіліп отырған аталмыш шарада 5-13 жасар балалар концерт қойып, өз өнерлерін ортаға салды. Мерекелік шарада татар этномәдени бірлестігініӊ өкілдері облыс әкімі орынбасарыныӊ, Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығы басшысыныӊ, Дүниежүзілік татарлар конгресініӊ, Татарстан Республикасыныӊ Қазақстандағы өкілетті өкілініӊ және Қазақстандағы татар және башқұрт қауымдастығыныӊ президентініӊ Алғыс хаттарымен марапатталды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны