12.06.2017, 18:29 4336

Қызылорда облысында "Таза су айдындары" табиғатты қорғау акциясы өтті

Қызылорда облысында мамырдыӊ 1 - 31 аралығында "Таза су айдындары" табиғатты қорғау акциясы өтті. Нәтижесінде облыстағы су айдындары қоқыстан тазартылды.

Қызылорда. 12 маусым. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында мамырдыӊ 1 - 31 аралығында "Таза су айдындары" табиғатты қорғау акциясы өтті. Нәтижесінде облыстағы су айдындары қоқыстан тазартылды. Бұл туралы бүгін Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысыныӊ орынбасары Марат Нұрмағамбетов мәлім етті.

Акция жылда осы мезгілде, жергілікті атқарушы органдармен бірігіп жасалған іс-шара жоспарға сәйкес табиғат қорғау мекемелерініӊ, табиғат пайдаланушылардыӊ, балық шаруашылығы су айдындары жақын орналасқан ауыл тұрғындарыныӊ, жастардыӊ жасыл ел жасақтарыныӊ, студенттердіӊ,оқушылардыӊ және өздеріӊіздіӊ қатысуларыӊызбен өткізіліп тұрады.

Бұл акцияныӊ маӊыздылығы су айдындарын тұрмыстық қалдықтардан тазалау, таза су денсаулық кепілі, тіршілік көзі Сырдария өзені таза болса денсаулығымыздыӊ да жақсы болатынын және де балық пен басқа да су жануарларыныӊ көбеюін халыққа оныӊ ішінде жастарға түсіндіру. Осыған байланысты, "Болашақ" университеті, Қызылорда инженерлік техникалық колледжі студенттерініӊ арасында "Таза су айдындары" табиғат қорғау акциясыныӊ маӊыздылығы туралы дәрістер берілді.

Облыстыӊ негізгі балық шаруашылығы су айдындарында Кіші Арал теӊізінде инспекцияныӊ және табиғат пайдаланушардыӊ қызметтік катерлері мен моторлы қайықтарымен су ішіндегі ау қалдықтары жиналып шығарылды, табиғат пайдаланушылар өздеріне бекітілген балық шаруашылығы су айдындарыныӊ жағалауларын қоқыстардан тазарту жұмыстарын жүргізді.

- Облыстық бір айлық "Таза су айдындары" табиғат қорғау акциясыныӊ нәтижесінде, тазалау жұмыстарына 740 адам қатысып, 101 техника мен 16 шағын көлемдегі кемелер жұмылдырылып, 62 тоннаға жуық әр түрлі қоқыстар мен суда қалған 127 аулардыӊ қалдықтары жиналып тиісті орындарға шығарылды, - дейді Марат Нұрмағамбетов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны