18.10.2018, 17:55 5835

Қызылорда облысында Темірбек Жүргеновтіӊ 120 жылдығына орай Жүргенов оқулары байқауы өтті

Бүгін 120 жылдығы аталып жатқан Темірбек Жүргенов есімі тек қана қазаққа ғана емес, иісі түркі жұртына мәлім. Ол Қазақстандағы мәдениет, әдебиет, өнер саласыныӊ талантты ұйымдастырушыларыныӊ бірі, республиканыӊ көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері.

Қызылорда. 17 қазан. Kazakhstan Today - Жалағаш ауданы Мәдениет және өнерді дамыту орталығында мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Қараұлы Жүргеновтіӊ 120 жылдығына орай "Алып өнердіӊ асыл нары - Темірбек Жүргенов" атты 9-10 сынып оқушылары арасында Жүргенов оқулары облыстық байқауы өтті.

Байқауға Қызылорда қаласынан және аудандардан 10-нан астам өнерпаз қатысты.

Облыстық байқаудыӊ алғы сөзін ашқан аудан әкімініӊ орынбасары Жағыпар Тажмаханов:

- Бүгін 120 жылдығы аталып жатқан Темірбек Жүргенов есімі тек қана қазаққа ғана емес, иісі түркі жұртына мәлім. Ол Қазақстандағы мәдениет, әдебиет, өнер саласыныӊ талантты ұйымдастырушыларыныӊ бірі, республиканыӊ көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері. Саналы ғұмырын мемлекетіміздіӊ өркендеуіне, туған жеріміздіӊ көркеюіне арнаған тұлғаларды өскелеӊ ұрпақ білу қажет. Ал, аға буынға құрмет көрсету бүгінгі мына біздердіӊ алдымызда тұрған міндет десек те болады - дей келе, қолына қалам ұстап, сөз өнерін серік еткен жас өрендерге сәттілік тіледі.

Сайысқа Темірбек Жүргенов атындағы қоғамдық қордыӊ төрағасы Сәби Аӊсат бастаған қазылар алқасы төрелік етті.

Сайыс нәтижесінде жалағаштық Нұрай Тыныштықбай бас жүлдені иеленсе, қармақшылық Бекзат Төлепберген І орынға ие болды. Ал қазалылық Дінберген Көркем мен шиелілік Ақжарқын Ахметжан ІІ, ІІІ орындарды өзара бөлісті.

Жарыс жеӊімпаздарына арнайы дипломдар, қаржылай сыйлықтар табысталды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны