16.06.2017, 11:30 5123

Қызылорда облысында "Терроризм мен экстремизм бүгінгі таӊдағы әлемдік қасірет" тақырыбында дөӊгелек үстел ұйымдастырылды

Департамент бастығыныӊ бірінші орынбасары, полковник М.Сүлеев Қазақстан Республикасы Үкіметінніӊ 2015 жылдыӊ 3 сәуіріндегі қаулысына сәйкес тапсырмалар беріп, оны орындау бағытында атқарылатын жұмыстар ретін баяндады.

Қызылорда. 16 маусым. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ қорғаныс істері жөніндегі департаментініӊ мәжіліс залында "Терроризм мен экстремизм бүгінгі таӊдағы әлемдік қасірет" тақырыбында дөӊгелек үстел ұйымдастырылды.

Бұл туралы қорғаныс департаментініӊ баспасөз қызметі хабарлайды.

Аталған шараға Қызылорда облысыныӊ қорғаныс істері жөніндегі департаментіне бағынысты басқарма мен бөлімдердіӊ бастықтары және департаменттіӊ жеке құрамы қатысты.

Департамент бастығыныӊ бірінші орынбасары, полковник М.Сүлеев Қазақстан Республикасы Үкіметінніӊ 2015 жылдыӊ 3 сәуіріндегі қаулысына сәйкес тапсырмалар беріп, оны орындау бағытында атқарылатын жұмыстар ретін баяндады.

Жиын соӊында әскери қызметшілер азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары барысында болашақ сарбаздарға дұрыс бағытта - бағдар беру шараларын пысықтап, оларды Отан қорғауға үндеудіӊ маӊызы жайлы пікір алмасты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны