03.04.2017, 18:52 4335

Қызылорда облысында "Тілдерді меӊгеру - заман талабы" тақырыбында семинар өткізілді

Қызылорда облысы Жалағаш ауданыныӊ мәдениет және өнерді дамыту орталығында Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы мен "Самұрық" инновациялық идеяларды дамыту орталығы" қоғамдық қорыныӊ ұйымдастыруымен "Тілдерді меӊгеру - заман талабы" тақырыбында семинар өткізілді.

Қызылорда. 3 сәуір. Kazakhstan Today - Қызылорда облысы Жалағаш ауданыныӊ мәдениет және өнерді дамыту орталығында Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы мен "Самұрық" инновациялық идеяларды дамыту орталығы" қоғамдық қорыныӊ ұйымдастыруымен "Тілдерді меӊгеру - заман талабы" тақырыбында семинар өткізілді. Семинарды ұйымдастырудағы басты мақсат - үштілділік саясатын іске асыруда Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Н.И.Назарбаевтыӊ "Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Қазақстан халқына Жолдауын аудан тұрғындарына насихаттау, түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып табылады.

Семинар жұмысын аудан әкімініӊ орынбасары Ж.Тажмаханов жүргізіп, облыс тұрғындарыныӊ арасында үштілділікті насихаттайтын ақпараттық-насихаттық топ өкілдерін таныстырып өтті. Топ құрамында барған облыстық ішкі саясат басқармасы басшысыныӊ орынбасары И.Жарылқағанов, облыстық ішкі саясат басқармасыныӊ тілдерді дамыту және әдістемелік жұмыстар бөлімініӊ басшысы Л.Есімова, Қызылорда облысыныӊ тілдерді оқыту орталығыныӊ директоры Н.Мұсаева, аталмыш орталықтыӊ бөлім меӊгерушісі Г.Смағұлова, №2 Мұрагер мектебініӊ ағылшын тілі пәнініӊ мұғалімі Г.Қуандықова, осы мектептіӊ қазақ тілі мен әдебиеті пәнініӊ мұғалімі Г.Тебегенова, №10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей интернатыныӊ орыс тілі мен әдебиеті пәнініӊ мұғалімі Г.Илжановалар көптілділік - заман талабы екендігін айтып, халықаралық тілдерді меӊгеру маӊызды міндет саналатындығын тілге тиек етті.

Еліміз өркениеттен кенже қалмауы үшін көп тілді меӊгеруіміз қажеттігі анық. Көп тілді білу заман талабынан туындап отырған қажеттілік екендігі семинар барысында баса айтылды. Семинар соӊында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныс-пікірлер білдірілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны