20.06.2017, 20:58 8449

Қызылорда облысында тіркелген 65 жастар ұйымыныӊ 42-сі белсенді жұмыс атқарады

Қызылорда облысыныӊ жастар саясаты басқармасы мамандарыныӊ мәліметіне сүйенсек бүгінде жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 21, әр түрлі меншіктегі кәсіпорындар мен мекемелерде 14 жастар ісі жөніндегі комитет жұмыс атқаруда.

Қызылорда. 20 маусым. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ жастар саясаты басқармасы мамандарыныӊ мәліметіне сүйенсек бүгінде жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 21, әр түрлі меншіктегі кәсіпорындар мен мекемелерде 14 жастар ісі жөніндегі комитет жұмыс атқаруда.

Облыс бойынша тіркелген 65 жастар ұйымыныӊ 42-сі белсенді жұмыс атқарады. Олардыӊ құрамында 78 мыӊнан астам мүше тіркелген.

Жыл басынан бері Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктері жанынан заӊды тұлға ретінде құрылған 9 жастар ресурстық орталығы жұмыс жасайды (9 - "Жастар ресурстық орталығы" КММ-сі, 1 - Байқоӊыр қаласында бөлімше). Оныӊ жанынан жастарды жұмыспен қамту үшін ашылған рекрутинг орталығы да өз қызметін атқаруда.

NEET санатындағы жастармен жұмысты күшейту мақсатында салааралық іс-шаралар жоспары аясында жастар дерек қоры бойынша жұмыс жүргізілуде.Базаға енген жастар маусымдық жұмыстарға,"Нәтижелі жұмыспен қамтуды ұйымдастыру және жаппай кәсіпкерлікті дамытудыӊ 2017-2021 жылдарға арналған" бағдарламасы аясында қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарына тартылады.

Жылдыӊ алғашқы айында орталықтар қызметкерлері 35 шара ұйымдастырды, атап айтқанда, жастар арасында діни экстремизм құбылыстарыныӊ алдын алу - 21 кездесу, "Дүниежүзілік қысқы Универсиада - 2017" ойындарына орай эстафеталық жарыс, 2 кездесу, 2 акция, "Жайдарман" ойыны, мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау бойынша 6 кездесу мен акция, оқушылар Парламентініӊ отырысы өткізілді.

Сонымен қатар, мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру мақсатында 2020 жылға дейінгі стратегиялық бағдарламасы әзірленуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны