20.06.2017, 22:37 8096

Қызылорда облысында түлектердіӊ алғашқы легі ҰБТ тапсырды

Қызылорда облысы бойынша мектеп бітіріп отырған 6196 түлектіӊ 4 мыӊнан астамы ҰБТ-да бағын сынайды.

Қызылорда. 20 маусым. Kazakhstan Today - Бүгін еліміз бойынша ұлттық бірыӊғай тестілеудіӊ алғашқы күні. Ұлттық тестілеу орталығыныӊ мәліметінше, биыл ҰБТ-ға қатысуға 92 827 түлек ниет білдіріп, арыз жазған. Олар биылғы мектеп бітірушілердіӊ жалпы саныныӊ (131 377) 71% құрап отыр. ҰБТ тапсыруға ниетті 69 209 түлек қазақ тілінде, ал 23 618 - орыс тілінде тапсырады. ҰБТ 165 тапсыру пунктініӊ 1431 аудиториясында өткізіледі. Бұл аудиториялар байланыс сигналдарын бөгейтін құрылғылармен, металл детекторларымен, ҰБТ барысын бақылау және жазу бейнекамераларымен, сондай-ақ Интернет арқылы онлайн тарату камераларымен жабдықталған.

Ал Қызылорда облысы бойынша мектеп бітіріп отырған 6196 түлектіӊ 4 мыӊнан астамы ҰБТ-да бағын сынайды.

Өӊірде 9 тестілеу орталығы жұмыс жасайды. Тағы бір айта кетерлігі, биыл мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ға дайындау бекітілген іс-шара жоспары бойынша өтті. Бұл жұмыстар мектептегі күндізгі, кешкі дайындық түріндегі қосымша консультациялық сабақтар арқылы, облыстағы жыл бойы жұмыс жасайтын сауықтыру және қосымша білім беру орталықтарындағы курстар, білікті, жоғары деӊгейлі мамандармен (республиканыӊ алдыӊғы қатарлы ЖОО-ныӊ ғалымдарымен) репетиторлық сабақтар және түрлі ақылы оқу орталықтарындағы курстарда жүргізілді. Осыныӊ бәрі түлектерімізге сында дем береді деген ойдамыз.

Ұлттық тестілеу орталығыныӊ директоры Рамазан Илімқұлов Ұлттық бірыӊғай тестілеу жүйесіндегі жаӊашылдықтар жайында баяндап берді.

Атап айтқанда, енді ҰБТ-ныӊ өту барысын онлайн-режімде көруге болады. Бұл ата-аналарға сынақ өтетін орындарға бармастан, үйден қарап отыруға мүмкіндік береді. "Осы жылы біз ҰБТ-ны онлайн трансляциялауды іске қостық, соныӊ арқасында ЖОО-лар алдында жиналған ата-аналардыӊ саны айтарлықтай азайды. Біз тестілеу картасын Қазақстан бойынша іске қостық, сілтемесі жасалды. Енді тестілеу үдерісін еліміздіӊ кез келген нүктесінен байқауға болады.

Мәселен, Астанада жүріп, ОҚО-да тестілеу қалай жүріп жатқанын көру мүмкіндігі бар",-деді Илімқұлов. Сонымен қатар мобильді байланысты бұғаттағыштар 3G-ден 4G-ге ауыстырылды. "Меніӊ ойымша, бұл қадам да маӊызды, себебі технологияныӊ дамуы мүмкіндігін де ескеруіміз керек. Сондықтан қауіпсіздік шаралары толықтай қамтамасыз етілді. Биыл студент атану үшін 92 мыӊнан астам талапкер бақтарын сынамақ. "Жалпы алғанда, Қазақстан бойынша 92 826 талапкер бар. Қазіргі кезеӊде талапкерлер қайда түсетіндігін таӊдап жатқан жоқ, олар бірінші кезекте, тестілеуден өтуде. Тамызға қарай олар оқитын жерлерін таӊдай бастайды. ҰБТ-ға алып кіруге рұқсат етілген заттардыӊ тізбесін қамтитын жыл сайынғы нұсқаулық бар, яғни оныӊ ішінде ауыз су, шоколад және қалам ескерілген. Бүгін еліміз бойынша 16 мыӊға жуық талапкер 42 пунктте ҰБТ тапсырып жатыр",-деді орталық басшысы.

Бүгін Қызылорда қаласы, Жаӊақорған және Қармақшы аудандарында 4 тестілеу пункттерінде талапкерлер сыннан өтуде. Тестілеудіӊ алғашқы күні ҰБТ тапсыруға ниет білдірген 4194 түлектіӊ 1603-і сыннан өтіп жатыр.

ҰБТ жоғары оқу орнына түсу емтиханы және мемлекеттік гранттарды бөлу жүйесі ретінде қалады.

Ұлттық бірыӊғай тестілеу кезеӊінде ЖОО-на ниетті бітірушілер 5 пән бойынша, оныӊ 3-і міндетті және талапкердіӊ жоғары оқу орнына тапсыратын мамандығына байланысты 2-і бейіні бойынша қарастырылған.

Тестілеу уақыты 3 сағат 50 минутты құрайды. Шекті балл 50 өзгеріссіз қалды.

Тестілеу пункттерінде ата-аналар мен бақылаушылар үшін арнайы LED экран орнатылған.

Бүгін Жосалы кентіндегі Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицей базасында орналасқан Ұлттық бірыӊғай тестілеу орталығында 258 бітіруші бағын сынаса, 21 маусым күні Ақай ауылындағы №99 мектеп базасында, 275 оқушы арнайы жабдықталған аудиторияларда тест сұрақтарына жауап толтыруға отыратын болады.

Аталмыш білім сынағына аудан бойынша 494 мектеп бітіруші түлек ҰБТ-ге қатысу үшін өтініш берсе, (454-қазақ, 39-орыс сыныбы) Байқоӊыр қаласындағы орыс мектептерініӊ 251 бітірушісінен 39 түлек өтініш берді. Білім бәсекесініӊ ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі С.Мақашов түлектерге ақ жол, сәт-сапар тіледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны