03.01.2013, 13:59 3300

Қызылорда облысында ҮИИД бағдарламасы аясында құрама жем дайындайтын зауыт салынады

"Бұл кәсіпорынның қуаттылығы тәулігіне 80 тонна болады, құны 280 млн теңге, - деді ол. 2012 жылы "Бизнестің жол картасы - 2020"бағдарламасының аясында 10 жобаны іске асыру басталған болатын. Бұл жұмыстар осы жылы да өз жалғасын тауып, аяқталады. Сонымен қатар, осы жылы жалпы құны 7,1 млрд теңге болатын өңірдің Индустрияландыру картасына енбеген 20 жобаны жүзеге асыру қолға алынбақ. Бұл 415 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді".

Қызылорда. 3-қаңтар. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында ҮИИД бағдарламасы аясында құрама жем шығаратын зауыт салынады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл жөнінде BNews.kz ақпараттық агенттігі облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Ардагер Ақжігітовке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

"Бұл кәсіпорынның қуаттылығы тәулігіне 80 тонна болады, құны 280 млн теңге, - деді ол. 2012 жылы "Бизнестің жол картасы - 2020"бағдарламасының аясында 10 жобаны іске асыру басталған болатын. Бұл жұмыстар осы жылы да өз жалғасын тауып, аяқталады. Сонымен қатар, осы жылы жалпы құны 7,1 млрд теңге болатын өңірдің Индустрияландыру картасына енбеген 20 жобаны жүзеге асыру қолға алынбақ. Бұл 415 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді".

"Жаңа жобалардың арасында синтетикалық латекс шығаратын, сондай-ақ ірі габаритті электрлі сорғыларды жинақтайтын цех бар, - деп мысал келтірді Ақжігітов. Изірше мұндай сорғылардың 95%-ын біз өңірден шет аймақтардан сатып алудамыз. Сол себепті бұл цех бізге аса қажет".

Жалпы, 2012 жылы Қызылорда облысының өнеркәсіптік кәсіпорындары 1 трлн 6 млрд 900 млн теңгеге өнім дайындаған. 2013 жылы өнеркәсіп саласында өңірдегі жалпы өнімдегі өңдеуші сектордың үлесін 2,5%-ға жеткізу жоспарланып отыр. Еңбек өнімділігі өткен жылғы көрсеткіштен 1,2%-ға артады деген болжам бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны