03.03.2017, 20:44 7456

Қызылорда облысында үй алу кезегінде 21 мыӊдай адам кезекте тұр

Банк салымшылары үшін тұрғын үй бағасыныӊ 30 пайызын жинақтау немесе бірден салу арқылы қалған соманы 5 пайызға несиеге бөліп төлеп алуға мүмкіндік бар. Қойылатын талап - соӊғы 5 жылда атында тіркелген баспана болмауы тиіс

Қызылорда. 3 наурыз. Kazakhstan Today - Бүгін Өӊірлік коммуникациялар қызметі орталығында "Қазақстанныӊ тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ Қызылорда филиалыныӊ директоры Иділжан Сәулебаев пен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімініӊ басшысы Ерлан Бердібаев баспасөз конференциясын өткізіп, онда "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасыныӊ жүзеге асырылуы жайлы айтылды.

- Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында баяндағандай, елімізде алдағы 15 жылда 1,5 миллион отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсаты қойылып отыр. Бұл бағытта "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" арқылы сатып алу мен жалға берілетін баспаналар құрылысы жүзеге асырылады. Баспана алудыӊ негізгі шарты - жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған мемлекеттік сала қызметкерлері жолдама алып келген жағдайда айлық табысын растайды және депозиттік шотын толықтырып, тұрғын үйлерге қоныстанады,- деп айтып өтті Иділжан Рақымжанұлы.

Банк салымшылары үшін тұрғын үй бағасыныӊ 30 пайызын жинақтау немесе бірден салу арқылы қалған соманы 5 пайызға несиеге бөліп төлеп алуға мүмкіндік бар. Қойылатын талап - соӊғы 5 жылда атында тіркелген баспана болмауы тиіс. Ал, Астана мен Алматы қалаларынан тұрғын үй алушылардан 2 жыл тұрақты тіркеу талап етіледі. "Жас Отбасы" бағдарламасы аясында соӊғы 5 жылда атында тіркелген баспанасы жоқ, некеде тұрғандарына 2 жыл толған, жастары 29-ға толмаған жас отбасы тұрғын үй инспекциясынан жолдама алып келу арқылы айлық табыстарын растап тұрғын үй алуларына болады. "Нұрлы жер" бағдарламасыныӊ концепциясында көрсетілгендей әлеуметтік - әлсіз топтар арендалық тұрғын үйлерге қоныстанатын болады және тек коммуналдық қызмет үшін ғана төлем төлеп отырады. Ол бағыт жергілікті атқарушы орган арқылы жүзеге асырылады.

Брифингте қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясыныӊ бөлім басшысы Ерлан Бердібаев өӊірде үй алу кезегінде 21 мыӊдай адам кезекте тұрғанын айтып өтті. Облыста жыл сайын үй тұрғызуға арнайы дайындалған жер телімдері бөлінуде. Дегенмен, "кезексіз үй алып берем, тұрғын үй кезегін жылжытамын" деген алаяқтардыӊ да қатары азаймай отырғаны жасырын емес. Былтыр жергілікті құқық қорғау органдарында осындай 130 факт тіркелген.

-Біз жыл сайын тұрғын үй кезегінде тұрғандар туралы ақпаратты баспасөз беттеріне жариялап отырамыз. Осы орайда тұрғындарға айтарымыз, ешкімге сенбей, тек қана ресми орындардыӊ ақпаратына сүйеніп, банк қызметкерлері кеӊесіне жүгінген абзал, - деп атап өтті бөлім басшысы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны