04.07.2017, 13:20 4213

Қызылорда облысында "Ұлттық негіз қалаушы стандарттар жобасын талқылау" атты дөӊгелек үстел ұйымдастырылды

Дөӊгелек үстелде 2017 жылғы мемлекеттік стандарттау аясында жасалған ұлттық негіз қалаушы сатандарттар жобалары талқыланып, қатысушылар бұл бағытта өз ой-пікірлерін білдірді.

Қызылорда. 4 шілде. Kazakhstan Today - "КазИнСт" РМК филиалы мен Қызылорда облысы бойынша КТРМ бірлесіп "Ұлттық негіз қалаушы стандарттар жобасын талқылау" атты дөӊгелек үстел ұйымдастырып, мүдделі тараптар арасында негіз қалаушы стандарттарды жетілдіру жайы талқыланды.

Дөӊгелек үстел отырысына тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті, "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетініӊ облыстық аумақтық инспекциясы, Қызылорда облыстық кәсіпкерлер Палатасы, "РВЗ" ШЖҚ РМК облыстық филиалы, "Қызылорда су жүйесі" РМК секілді мемлекеттік органдар, кәсіпорындар өкілдері мен ARAI PARK (Арай аквапарк), "Шебер-Принт" секілді қызмет көрсетуші мекемелер мамандары қатысты.

"Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты" РМК облыстық филиалы бас маманы А. Қалиева сөйлеп, бүгінгі шараныӊ маӊыздылығына тоқталды.

Дөӊгелек үстелде 2017 жылғы мемлекеттік стандарттау аясында жасалған ұлттық негіз қалаушы сатандарттар жобалары талқыланып, қатысушылар бұл бағытта өз ой-пікірлерін білдірді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны