26.04.2017, 16:18 4260

Қызылорда облысында ҰОС ардагерлері мен тыл еӊбеккерлеріне көмек көрсетуге облыстық және жергілікті бюджеттен 415,3 млн теӊге қаражат бөлінген

Облыста бүгінде Ұлы Жеӊіс мерекесін жақындатуға үлес қосқан 51 Ұлы Отан соғысыныӊ ардагері мен мүгедегі және 5903 тыл еӊбеккері бар.

Қызылорда. 26 сәуір. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеӊістіӊ 72 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіліп, жұмыстар басталып кетті. Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы хабарлайды.

Облыста бүгінде Ұлы Жеӊіс мерекесін жақындатуға үлес қосқан 51 Ұлы Отан соғысыныӊ ардагері мен мүгедегі және 5903 тыл еӊбеккері бар.

Жеӊіс мерекесіне орай, ҰОС ардагерлері мен тыл еӊбеккерлеріне материалдық және әлеуметтік көмек көрсетуге облыстық және жергілікті бюджеттен 415,3 млн теӊге қаражат бөлінген, оныӊ ішінде:

Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне - 181520 (80 АЕК) теӊгеден, соғыс жылдарында жанқиярлық еӊбегі мен мінсіз қызметі үшін КСР Одағыныӊ ордендері мен медальдарымен наградталған адамдарға 113450 (50 АЕК) теӊгеден беріледі.

Ұлы Отан соғысы жылдарында кемінде алты ай қызмет еткен азаматтарға 68070 теӊге (30 АЕК) мөлшерінде бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Бүгінгі күнге әлеуметтік көмектерді төлеу жұмыстары басталды, сәуір айыныӊ соӊына дейін ардагерлердіӊ жеке шотына толығымен аударылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны