10.10.2018, 23:31 4624

Қызылорда облысында "Ұстаз интеллектісі - рухани тәрбиеніӊ айнасы" интеллектуалдық телекеруені ұйымдастырылады

Сондай-ақ, "Қорқыттыӊ даналық сөздері" атты кітап үш тілде шығарылады. Кітапқа АҚШ пен Еуропа елдеріндегі архивтерден Сыр өӊірініӊ тарихи орындары туралы бұрын еш жерде жарияланбаған мәліметтер енгізілмек.

Қызылорда. 10 қазан. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында оқытушылардыӊ шығармашылық-әлеуметтік белсенділігін арттырып, "Ұстаз" статусыныӊ рухани деӊгейін көтеруге ықпал ету мақсатында "Ұстаз интеллектісі - рухани тәрбиеніӊ айнасы" облыстық интеллектуалдық телекеруені ұйымдастырылады.

Бұл туралы Өӊірлік коммуникациялар қызметініӊ ақпараттық алаӊында өткен баспасөз-конференциясында облыстық ішкі саясат басқармасыныӊ басшысы Талғат Маханов мәлімдеді.

"Қызылорда облысындағы тарихи және мәдени ескерткіштер телеатласы мен өӊір тарихы туралы электронды оқулық немесе жинақ әзірленеді. Бұл жоба бойынша бейнемұрағаттарда сақталған Сыр өӊірініӊ тарихына, тарихи-мәдени ескерткіштеріне қатысты түсірілімдер, деректер жинақталып, сонымен бірге, аймақтық "Рухани жаӊғыру" орталығы облыста орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштер мен орындар, өмір сүрген тарихи тұлғалар, батырлар мен шайырлар, жыраулар, т.б. туралы ел аузында жүрген әӊгімелер мен аӊыздарды жинақтап, бейнематериалдар әзірлейтін болады", - деді Т.Маханов.

Сондай-ақ, "Қорқыттыӊ даналық сөздері" атты кітап үш тілде шығарылады.

Кітапқа АҚШ пен Еуропа елдеріндегі архивтерден Сыр өӊірініӊ тарихи орындары туралы бұрын еш жерде жарияланбаған мәліметтер енгізілмек.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны