16.08.2017, 18:56 4639

Қызылорда облысында жалпы білім беретін мектеп ұстаздарыныӊ тамыз кеӊесі өтті

15-16 тамыз аралағында еліміздіӊ барлық аймақтарындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерініӊ базасында жалпы білім беретін мектеп ұстаздарыныӊ тамыз кеӊестері өткізіліп жатыр. Оларға 20 мыӊнан астам педагог қызметкері қатысып, білім берудіӊ өзекті мәселелері талқыланатын болады.

Қызылорда. 16 тамыз. Kazakhstan Today - 15-16 тамыз аралағында еліміздіӊ барлық аймақтарындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерініӊ базасында жалпы білім беретін мектеп ұстаздарыныӊ тамыз кеӊестері өткізіліп жатыр. Оларға 20 мыӊнан астам педагог қызметкері қатысып, білім берудіӊ өзекті мәселелері талқыланатын болады.

Бүгін Қызылорда қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебініӊ базасында өткізілген тамыз конференциясына аудан және қала мектептерінен 900 - ден астам мұғалім қатысты. Бұл туралы зияткерлік мектептіӊ баспасөз қызметі хабарлады.

Кеӊес бағдарламасы бойынша Қызылорда қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебініӊ директоры Бақыт Жұматай жаӊартылған білім мазмұнына сәйкес оқытудыӊ ерекшеліктері мен бағалау жүйесініӊ жаӊа моделініӊ артықшылықтары туралы баяндама жасады. Сонымен бірге, жаӊартылған білім беру мазмұнын енгізу жағдайында мұғалімдерді дайындау жұмыстары сараланып, мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал - жүйелі-әдістемелік кешен жөнінде жан-жақты ақпарат беріледі.

Кеӊестіӊ екінші бөлімінде қатысушылар Назарбаев Зияткерлік мектеп ұстаздарыныӊ ұйымдастырған шеберлік сыныптарына қатысып, 5 және 7 сыныптарда "Қазақ тілі", "Орыс тілі", "Ағылшын тілі", "Жаратылыстану", "Биология", "Химия", "Физика", "Информатика", "Қазақстан тарихы", "Дүние жүзі тарихы", "Көркем еӊбек" және "Дене шынықтыру" пәндерін оқытудыӊ жаӊа әдістері мен критериалды бағалау жүйесі бойынша толық ақпарат берілді. Сондай-ақ, оқушылардыӊ тәжірибелік, ғылыми, шығармашылық дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырма үлгілері таныстырылып, мұғалімдерге жан-жақты әдістемелік қолдау көрсетілді.

Айта кетейік, жаӊартылған білім мазмұнына ауысу кестесіне сәйкес 2017-2018 оқу жылында 2 сынып оқушыларымен қатар жаӊартылған оқу бағдарламалары бойынша оқуды 5 және 7 сынып оқушылары да бастайды.

Соӊғы үш жылда Қызылорда облысынан 7926 пән мұғалімдері орта білім мазмұнын жаӊарту бойынша біліктілік арттыру курстарынан өтті. Қызылорда облысыныӊ әкімдігі мен "Назарбаев Зияткерлік мектебі" ДББҰ арасында екі жақты меморандумға қол қойылып, өзіндік әдістемелік қоры жинақталған Қызылорда қаласындағы Зияткерлік мектептебіндегі тәрбие жұмыстарыныӊ бағыттары мен іс-тәжирибесі аймағымыздағы 2 пилоттық және 22 инновациялық мектептерге үлкен қарқынмен таратылуда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны