10.05.2018, 20:16 4149

Қызылорда облысында "Жаӊа әлемдегі жастар келбеті" атты облыстық жастар форумы өтеді

Съезд ізімен мамыр айыныӊ 11 жұлдызында Қызылорда облыстық "Жас Отан" Жастар қанатыныӊ ұйымдастыруымен облыс әкімі Қырымбек Көшербаев және "Жас Отан" Жастар қанатыныӊ атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібектіӊ қатысуымен "Жаӊа әлемдегі жастар келбеті" атты облыстық жастар форумы өтеді.

Шымкент. 10 мамыр. Kazakhstan Today - Наурыз айыныӊ 28-29 күндері, Астана қаласында 1500 жастыӊ қатысуымен "Жас Отан" Жастар қанатыныӊ IV съезі өткен болатын. Жастар съезінде "Жас Отан" Жастар қанатыныӊ 2021 жылға дейінгі "Жаӊа әлемге жол саламыз" атты тұжырымдамасы қабылданды.

Съезд ізімен мамыр айыныӊ 11 жұлдызында Қызылорда облыстық "Жас Отан" Жастар қанатыныӊ ұйымдастыруымен облыс әкімі Қырымбек Көшербаев және "Жас Отан" Жастар қанатыныӊ атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібектіӊ қатысуымен "Жаӊа әлемдегі жастар келбеті" атты облыстық жастар форумы өтеді.

Аталмыш форумға, бойында күш-қуаты тасыған, ел ертеӊіне бей-жай қарамайтын 7 аудан, Байқоӊыр мен Қызылорда қаласынан 200 делегат бас қосады.

Форум аясында қатысушы делегаттар "Open talks" форматында ұйымдастырылатын 5 бағыт бойынша: "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру", "Білім. Инновация. Цифрлы Қазақстан", "Агро инновация", "Салауатты ұрпақ", "Made in Qyzylorda" сессия жұмыстарына қатысады. Форум нәтижесінде Қызылорда облыстық "Жас Отан" Жастар қанатыныӊ 2021 жылға дейінгі жол картасы қабылданатын болады.

Сонымен қатар Форум аясында "Креативті идеялар фабрикасы" және "Жас журналистер клубы" құрылатын болады.

Өтетін орны: Қызылорда қ., Асқар Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйі;

Өтетін уақыты: 10.00

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны