08.12.2012, 10:00 2446

Қызылорда облысында жаңа балабақшаның ашылуды

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Ийтеке би кентінде бой көтерген "Балапан" балабақшасы 280 орынға лайықталған. Тәуелсіздік мерекесімен тұспа-тұс келген тұсаукесер рәсіміне аймақ басшысы Болатбек Қуандықов қатысты.

Қызылорда. 8-желтоқсан. Kazakhstan Today - Кеше Қызылорда облысы Қазалы ауданында балалар бақшасының қатары жаңадан салынған тағы бір нысанмен толықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Ийтеке би кентінде бой көтерген "Балапан" балабақшасы 280 орынға лайықталған. Тәуелсіздік мерекесімен тұспа-тұс келген тұсаукесер рәсіміне аймақ басшысы Болатбек Қуандықов қатысты.

Балабақша құрылысы 2011 жылы басталып, осы маусымда аяқталған болатын. Акт залы, асханасы, ойын, жатын және басқа да бөлмелері бар. Жалпы ауданы - 485 шаршы метр. Бас мердігер - "Қазалы-Құрылыс" ЖШС-нің ұжымына ата-аналардың алғысы шексіз. Еңселі балабақша облыстық бюджет қаржысы есебінен салынды. Қазіргі заман талабына сай жаңа технологиялармен жабдықталған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны