22.05.2017, 15:38 3989

Қызылорда облысында жаӊа зауыт бой көтермек

Бұл туралы Өӊірлік коммуникациялар орталығында өткен баспасөз конференциясында Жазкен Жиембаев атындағы Ғылыми-зерттеу институты бас директорыныӊ ғылым жөніндегі орынбасары Бахытжан Дүйсембеков мәлімдеді.

Қызылорда. 22 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында жаӊа зауыт бой көтермек.

Бұл туралы Өӊірлік коммуникациялар орталығында өткен баспасөз конференциясында Жазкен Жиембаев атындағы Ғылыми-зерттеу институты бас директорыныӊ ғылым жөніндегі орынбасары Бахытжан Дүйсембеков мәлімдеді.

Аймақ басшысыныӊ қолдауына ие болған жоба экологиялық таза өнім алуға бағытталған. Отандық ғалымдардыӊ ойлап тапқан ауылшаруашылық егістіктерін зиянкестерден қорғауға арналған жаӊа пестицидтіӊ заты ретінде кәдімгі күріш дақылы қолданылады екен.

- Аталмыз биологиялық жолмен әзірленген құрал қазіргі зиянкес жәндіктер мен арамшөптерге қарсы қолданып жүрген химиялық препараттардан сапасы жағынан асып түспесе кем емес. Және ол адам ағзасына еш зиянын тигізбейді. Қазіргі таӊда біздіӊ институт еліміздіӊ үш облысында зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Нәтижесі жаман емес. Зауыт құрылысына байланысты барлық сұрақтар қазір нақтылану деӊгейінде,- деді Б.Дүйсембеков.

Айта кетейік, биыл облыс аумағында барлығы 84 947 гектар жер зиянкестерге қарсы шаралармен қамтылмақ. Оны Оӊтүстік Қазақстанныӊ "Өсімдікті қорғау", "Дельта Юг" атты екі ЖШС-гі және РМК "Фитосанитария" облыстық филиалыныӊ мамандары жүргізбек.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны