23.07.2015, 08:42 3409

Қызылорда облысында жанармай бекетінде жарылыс орын алды

Қызылорда облысында жанармай бекеті отқа оранды. Жанған аумақ "Аралтұз" кәсіпорнына тиесілі екен

Астана. 23 Шілде. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында жанармай бекеті отқа оранды. Жанған аумақ "Аралтұз" кәсіпорнына тиесілі екен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Куәгерлердіӊ айтуынша, күндіз бекетте бір қондырғы атылып, соӊы алапат өртке ұласыпты. Будақтаған түтін бірнеше шақырым жерден көрінді. Үш жұмысшы жалынға оранған резервуардан өздері шығып, ауруханаға да өз аяқтарымен жетіпті. Қазір барлығы Арал аудандық ауруханасында жатыр. Денелерініӊ 90 пайыздайы күйіп қалған азаматтардыӊ жағдайлары өте ауыр. Туыстары оларды мамандандырылған медициналық мекемеге ауыстыруды өтініп отыр. Ал дәрігерлер хал үстінде жатқан сырқаттарды тасымалдайтын санавиацияныӊ ұшағын шақырта алмай әлек, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

- 85-95 пайыз күйік аудандық ауруханада емделмейді. Олардыӊ бүйрегіне көмек керек, гемодиализ. Ол тек Қызылорда облыстық ауруханасында жасалады. Еӊ жоғары көмек Шымкенттіӊ күйік орталығында. Бізге енді Қызылордаға жетіп алу керек, - дейді зардап шеккендердіӊ бірініӊ туысы Гүлқияш Құлмамбетова.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны