23.05.2017, 14:38 4347

Қызылорда облысында жас құтқарушыларды іріктеу жарысы өтті

Жарыс жеӊімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталып, оқушыларға төтенше жағдайлар департаменті қызметініӊ қолданыстағы техникасы және құрал-саймандары таныстырылды,- деп хабарлайды Қызылорда қаласы ТЖБ.

Қызылорда. 23 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы мен ҚР "Қызыл Ай Қоғамы" Қызылорда облыстық филиалыныӊ ұйымдастыруымен Оқушылар саябағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекет, өрт және судағы қауіпсіздік бойынша №5, 7, 23, 101, 187, 198, 211, 264 орта мектептері оқушыларыныӊ қатысуымен эстафеталық жарыс өткізілді.

Шарада "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалы төрағасыныӊ орынбасары И.Ерсұлтанов пен Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасыныӊ бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Е.Илішеров жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Жас құтқарушылар құрамын іріктеуді көздеген байқау 4 кезеӊнен тұрды: саптық қарау және киім дайындығы, тыныс органдарын қорғау құралдарымен жұмыс жасап, газ қағарды уақытқа кию, зардап шегушілерге алғашқы медициналық көмек көрсету және тест сұрақтары бойынша байқаулар өткізілді.

Жарыс жеӊімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталып, оқушыларға төтенше жағдайлар департаменті қызметініӊ қолданыстағы техникасы және құрал-саймандары таныстырылды,- деп хабарлайды Қызылорда қаласы ТЖБ.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны