14.03.2017, 20:48 4142

Қызылорда облысында жастар арасында ұлтаралық дүрдараздықты болдырмаудыӊ жолы талқыланды

- Жоба мақсаты Қостанай, Қарағанды, Ақтөбе, Павлодар және Қызылорда жастары арасында осы тақырыпқа орай ашық пікір алаӊын ұйымдастыру, - дейді А. Куликов. - Оны жүзеге асыру аясында біз кешенді бағдарламалар топтастырылған жинақ шығардық.

Қызылорда. 14 наурыз. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында жуырда "Перекресток" қоғамдық қоры дөӊгелек үстел өткізіп, онда орта және жоғарғы оқу орындарында білім алатын жастар арасында ұлтаралық дүрдараздықты болдырмаудыӊ жолы талқыланды.

Жергілікті ҮЕҰ жетекшілері мен Қорқыт ата атындағы ҚМУ Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасыныӊ оқытушылары қатысқан жиында "Перекресток" қоғамдық қорыныӊ жетекшісі Алексей Куликов баяндама жасады.

Қор Қостанай қаласында орналасқан. Қазақстандағы ұлтаралық қарым-қатынасты зерттеу арқылы, қоғам дамуына үлес қосуды көздеген ұйым "Этникааралық қарым-қатынас академиясы" жобасын жасап шығарыпты.

- Жоба мақсаты Қостанай, Қарағанды, Ақтөбе, Павлодар және Қызылорда жастары арасында осы тақырыпқа орай ашық пікір алаӊын ұйымдастыру, - дейді А. Куликов. - Оны жүзеге асыру аясында біз кешенді бағдарламалар топтастырылған жинақ шығардық.

Қор жетекшісініӊ айтуынша жобаны жасауға Қостанай қаласындағы оқу орындарыныӊ біріндегі жағдай себепші болыпты. Екі студенттіӊ арасындағы келіспеушілік этникааралық дүрдараздыққа ұласып кетпеу үшін оқу орындарыныӊ басшылары жастармен әӊгіме жүргізетін мамандарды шақыруға мәжбүр болған. А. Куликов бұл мәселеде оқу орындарында жастарға бағыт беретін мамандар жоқтыӊ қасы екендігін айтады.

Қызылорда облыстық Азаматтық Альянсы қауымдастығы баспасөз қызметініӊ хабарлауынша қор осы бағытта Қазақстанныӊ 5 қаласынан 30-ға жуық волонтер дайындаған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны