03.03.2017, 21:02 8486

Қызылорда облысында "Жастар кадрлық резерві" жобасы іске асырылады

"Нұр Отан" партиясы Қызылорда облыстық филиалы және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментініӊ бастамасымен, Қызылорда облысы әкімдігініӊ қолдауымен "Жастар кадрлық резерві" жобасы іске асырылатын болады.

Қызылорда. 3 наурыз. Kazakhstan Today - "Нұр Отан" партиясы Қызылорда облыстық филиалы және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментініӊ бастамасымен, Қызылорда облысы әкімдігініӊ қолдауымен "Жастар кадрлық резерві" жобасы іске асырылатын болады.

Мемлекеттік қызметтіӊ кадр әлеуетін пайдаланудыӊ тиімділігін арттыру үшін жоғары оқу орындарын бітірген жас мамандар және жоғары оқу орындарыныӊ соӊғы курс студенттері арасынан білікті кадрларды анықтау, іріктеу, тәрбиелеу және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау, оларды жұмыспен қамту мақсатын көздеген жоба жайлы партия филиалында өткен баспасөз мәслихатында ұйымдастырушылар кеӊінен түсіндірді.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы Абзал Мұхимовтыӊ айтуынша "Жастар кадрлық резерві" жобасы үміткерлерді тіркеуден бастап, ресми іріктеу кезеӊі, сұхбаттасу сатысы, оқыту курсы, сынама тестілеу, ресми тестілеу, тағылымдама және қортынды секілді 8 кезеӊнен тұрады.

Жобаға жасы 30-ға толмаған, мемлекеттік тілді еркін меӊгерген ҚР азаматы қатыса алады. Сондай-ақ, олар компьютермен, компьютерлік бағдарламалармен және басқа да оргтехникалармен жұмыс жасай білуі қажет. Резервистерді мамандығы бойынша жұмыспен қамту жұмыстарын департамент үйлестіретін болады.

Баспасөз мәслихатында сөз алған облыстық партия филиалы төрағасыныӊ бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев жоба аясында сынақтардан сүрінбей өткен білімді, білікті жас мамандардан мемлекеттік қызметке кадрлар резерві қалыптастырылып, мемлекеттік қызметшілерге деген сұранысты қанағаттандырып отыратын айтты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны