25.06.2008, 11:23 3499

Қызылорда облысында жер қатынастары басқармасының жаңа бастығы тағайындалды

Қызылорда облысында жер қатынастары басқармасының жаңа бастығы тағайындалды

Қызылорда. 25 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қызылорда облысында жер қатынастары басқармасының жаңа бастығы тағайындалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Облыс әкімі Болатбек Қуандықовтың бұйрығымен Марат Жұбатханұлы Көшеков жер қатынастары басқармасының жаңа бастығы болып тағайындалды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

М. Көшеков 1976 жылы туған, Қызылорда мемлекеттік университеті мен Қазақ мемлекеттік заңгерлік академиясын бітірген, мамандығы инженер-жер жайғастырушы және заңгер.

Ал жер қатынастары басқармасының бұрынғы бастығы Нұрлыбек Жолдасбаев Қызылорда облыстық еңбек бақылауы және әлеуметтік қорғау департаментінің директоры болып тағайындалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны