26.10.2018, 11:01 7582

Қызылорда облысында "Жыр керуені" атты облыстық дәстүрлі әнші-жыршылар фестивалі жыршы-жыраулардыӊ басын қосты

Қызылорда қаласыныӊ 200 жылдығы мен Жаӊақорған ауданыныӊ 90 жылдық мерейтойына орай қазақ даласындағы әнші-жыршылық дәстүрді ел ішінде кеӊінен насихаттауды көздеген шара бұл.

Қызылорда. 26 қазан. Kazakhstan Today - Елбасыныӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" мақаласыныӊ басты мақсатыныӊ бірі - мәдени мұра құндылықтарын қайта жаӊғырту. Осы тұрғыда, құнды құжатта көрсетілген басымдықты ауданда жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған "Жыр керуені" атты облыстық дәстүрлі әнші-жыршылар фестивалі сыр еліне танымал жыршы-жыраулардыӊ басын Жаӊақорғанда қосты.

Қызылорда қаласыныӊ 200 жылдығы мен Жаӊақорған ауданыныӊ 90 жылдық мерейтойына орай қазақ даласындағы әнші-жыршылық дәстүрді ел ішінде кеӊінен насихаттауды көздеген шараны "Нұр Отан" партиясы аудандық филиалы төрағасыныӊ бірінші орынбасары Мәжит Балқожаев ашты. Ол жыраулық өнердіӊ ел тарихын жырлаудағы маӊыздылығына тоқталып, аталмыш өнер фестивалініӊ халыққа берері мол екенін тілге тиек етті.

- Мыӊжылдыққа ұласқан мақамды өнерді насихаттап жүрген әнші-жыршылардыӊ мәдениет саласындағы орны бір төбе. Бүгінде дәстүрлі өнердіӊ әлемдік өркениеттегі мәртебесін биіктету үшін оған қолдау қажет. Сондықтан, бүгінгідей шаралар оныӊ дамуына мүмкіндік береді, - деді Мәжит Балқожаев.

Одан әрі Қазақстан Қызылорда телеарнасыныӊ "Жыр керуен", "Сыр сүлейін сұрасаӊ" атты мәдени-танымдық теле жобаныӊ редақторы әрі жүргізушісі, жырау Марат Сүгірбай кеш тізгінін алып, фестивальға облыстыӊ әрбір ауданынан келген өнерпаздарды таныстырды. Атап айтар болсақ, Қызылорда қаласынан Арнұр Көшеней, Шолпан Биімбетова, Руслан Ахметов, Майра Сәрсенбаева, Күнсұлу Түрікпен келсе, Шиелі ауданынан Нұртілек Ақтаев, Ақмарал Ноғайбаева, Ділназ Ташмұхаммед ат басын бұрды. Ал, Қармақшыдан Серік Жақсығұлов, Арай Оӊғарқызы, Жалағаштан Берік Саймағамбетов, Арал ауданынан Серікқали Жұбаниязов қазыналы тойымыздыӊ құрметін арттыру үшін арнайы келді. Сонымен қатар, Ибсұлтан Өтепбергенов пен Мұхтар Дәрібаев аудан абыройын асқақтатты.

Жас талантты дәстүрлі әнші, жыршы-жыраулардыӊ есімін елге танытып, оларды халыққа таныстыру мақсатындағы кеште Сыр бойындағы белгілі Жиенбай, Нұртуған, Нартай мектебініӊ шығармашылығы қайта жаӊғырды. Ұлттық өнерді ұлықтап, елмен қауыштырған салтанатты жиында тыӊдармандар рухани тұрғыда байып, ұлттық өнермен сусындады.

Шараны аудандық ішкі саясат бөлімініӊ басшысы Ибілғазы Төлегенов қорытындылады:

- Қазақ дәстүрлі әнші-жыршылық өнерді қалыптастырып, оны өнердіӊ биігі деп санайтын халық. Сырдыӊ елі жырдыӊ елі десек, дүйім жұрттыӊ делебесін қоздырып, ұлттық рухани мұрамызды жаӊғыртқан бүгінгі шара өте жақсы деӊгейде өтті. Аталмыш шара аясында жыраулық дәстүр мен жыршы-жыраулардыӊ шығармашылығын дәріптейтін "Жыр керуен" тележоба фестивалі осыған дейін "Қазақстан Қызылорда" телеарнасыныӊ тікелей қолдауымен он жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. Бұл - дәстүрлі өнерімізді дәріптеудіӊ бір көрінісі, - деп, фестивальге қатысқан өнерпаздарды марапаттады.

Дәстүрлі әнші-жыршылық - қазақ мәдениетініӊ күрделі тармағы. Осы орайда, қолға алынған бүгінгі шара жыраулықтыӊ қадір-қасиетін арттырып, ұмыт қалған асыл қазыналарды қайта жаӊғырту жолындағы өнегелі де ардақты шара екені анық.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны