26.05.2017, 16:12 5068

Қызылорда облысында жұқпалы аурулардыӊ алдын алу мақсатында облыстық көшпелі мәжіліс өтті

Мәжіліс барысында негізінен аудан көлемінде жануарлардыӊ аса қауіпті жұқпалы ауруларыныӊ алдын алу және Конго-Қырым геморрагиялық қызбасыныӊ алдын-алу, болдырмау мәселелері талқыланды.

Қызылорда. 26 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ көлемінде жануарлардыӊ аса қауіпті жұқпалы аурулардыӊ және Конго-Қырым геморрагиялық қызбасыныӊ алдын-алу, болдырмау мақсатында көшпелі мәжілісі Арал ауданында ұйымдастырылды.

Мәжіліске Қызылорда облыстық ветеринария басқармасыныӊ басшысы Е.Апетов, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетініӊ Қызылорда облыстық аумақтық инспекция басшысы Ж.Сәрсенбаев, "Республикалық ветеринариялық зертханасыныӊ" Қызылорда облыстық филиалыныӊ директоры М.Шатенов, Қызылорда облысыныӊ жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысыныӊ орынбасары Ғ.Жанабаев, Қызылорда облысы бойынша жұқпалы ауруларға қарсы аурухананыӊ бас дәрігері А.Мұханбетова, Қызылорда облысыныӊ денсаулық сақтау басқармасыныӊ бөлім басшысы Б.Боранбаева және Арал ауданындағы ветеринария саласыныӊ басшылары мен мамандары қатыстырылды.

Мәжіліс барысында негізінен аудан көлемінде жануарлардыӊ аса қауіпті жұқпалы ауруларыныӊ алдын алу және Конго-Қырым геморрагиялық қызбасыныӊ алдын-алу, болдырмау мәселелері талқыланды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны