07.06.2017, 16:17 4314

Қызылорда облысында журналистер арасында "Есірткісіз болашақ" тақырыбындағы конкурс жеӊімпаздары марапатталды

Ел арасында есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру және полиция қызметкерлерініӊ имиджін көтеру мақсатында Қызылорда облысы ішкі істер департаменті Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасыныӊ ұйымдастыруымен "Есірткісіз болашақ" тақырыбында теледидар және баспасөз журналистері арасында конкурс өткізді.

Қызылорда. 7 маусым. Kazakhstan Today - Ел арасында есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру және полиция қызметкерлерініӊ имиджін көтеру мақсатында Қызылорда облысы ішкі істер департаменті Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасыныӊ ұйымдастыруымен "Есірткісіз болашақ" тақырыбында теледидар және баспасөз журналистері арасында конкурс өткізді.

Сайысқа бірнеше үміткерлер қатысып, заманауи техникалық құралдардыӊ мүмкіншіліктерін пайдалана отырып, белгіленген тақырыпқа қатысты ойларын нақты, дәлелді фактілермен, дәл және көркем жеткізе білді.

Құрылған комиссияныӊ шешіміне сәйкес, сайыстыӊ І орын иегері болып "ҚоғамТВ" телеарнасыныӊ редакторы Баян Құлтанова танылды, "ҚоғамТВ" телеарнасыныӊ тілшісі Тілеген Бекарыстанов ІІ орын иегері атанса, ІІІ орынды облыстық "Сыр бойы" газетініӊ тілшісі Шынар Бекбан жеӊіп алды.

Сонымен қатар, байқау шеӊберінде бірнеше журналист аталымдар бойынша сыйлыққа ме болды. Атап айтқанда, "Bnews.kz" ақпараттық агенттігі мен "Время" газетініӊ меншікті тілшісі Наталья Денисова "Полицияныӊ алтын қаламы", облыстық "Кызылординские вести" газетініӊ тілшісі Илия Мұсаева "Полиция сүйіспеншілігі", республикалық "24kz" телеарнасыныӊ тілшілері Нұрлан Жақыпбеков пен Қамбар Бекенов "Полиция даусы", олардыӊ әріптесі Райхан Тәжібаева "Қанатты микрофон", "Халық" газетініӊ тілшісі Жансая Жүнісова, "Kyzylorda-news.kz" интернет газетініӊ тілшісі тілшісі Ақнұр Жағыпарова "Шыншыл тілші", "Қоғам ТВ" телеарнасыныӊ тілшісі Айбек Манабаев, "Қазақстан-Қызылорда" телеарнасыныӊ тілшісі Асқар Тәжиев "Жас талант" аталымы бойынша марапатталды.

Жиын барысында ОІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасыныӊ бастығы Искаков Ермек сөз алып, жеӊімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттарымен құттықтап, қаншалықты жұмысбасты болса да бұқара қауым арасында өзекті болып отырған есірткі мәселесін көтеріп, жастарды одан аулақ болуға шақырып, белсенді азаматтық ұстанымдарын танытқаны үшін алғысын білдірді.

Барлық жеӊімпаздар мен жүлдегерлер департамент бастығыныӊ бағалы сыйлықтарымен, дипломдарымен марапатталды,- деп хабарлайды Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны