19.06.2017, 11:25 3862

Қызылорда облысындағы "Ақмешіт-Сырдария" мешітініӊ ұйымдастыруымен "Жаназа және жерлеу рәсімдері" кітабыныӊ тұсаукесер рәсімі өтті

ҚМДБ-ныӊ Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық "Ақмешіт-Сырдария" мешітініӊ ұйымдастыруымен "Жаназа және жерлеу рәсімдері" кітабыныӊ тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды мешіттіӊ баспасөз қызметі.

Қызылорда. 19 маусым. Kazakhstan Today - ҚМДБ-ныӊ Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық "Ақмешіт-Сырдария" мешітініӊ ұйымдастыруымен "Жаназа және жерлеу рәсімдері" кітабыныӊ тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды мешіттіӊ баспасөз қызметі.

Кітапты шығарудағы негізгі мақсат елімізде діни рәсімдерді бір ізге келтіру, ысырапқа, шариғатқа қайшы әрекеттерге жол бермеу болып табылады. Кітапта еліміз бойынша жаназаға қатысты ортақ үкімдер топтастырылып, нақты дәлелдер келтірілген. Қайтыс болған кісіні жерлеу, құдайы ас пен садақа берудіӊ әдебі, жаназа рәсімдерініӊ жолдары толық енгізілген. Осы және басқа да жаназа мен жерлеуге қатысты маӊызды мәліметтерді орталық "Ақмешіт-Сырдария" мешітініӊ бас имамы Талғат Омаров толық түсіндіріп берді.

Шара барысында қатысушылар кітап төӊірегіндегі сауалдарға жауаптар алды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны