05.11.2018, 22:33 4558

Қызылорда облысындағы "Атамекен" отбасы үлгісіндегі балалар ауылына Өскеменнен қонақтар келді

Бұл жолғы сапар әдеттегіден ерекше. Ондағы мақсат аймақтағы "Атамекен" балалар ауылыныӊ тәрбиеленушілерімен арада достық қарым-қатынас қалыптастыру. Сонымен қатар, екі жақтыӊ тәрбиеленулерібалаларды Сыр елініӊ киелі жерлерімен, тарихымен таныстырарада достық даӊғылын салып, өзара байланыс орнату.

Қызылорда. 5 қараша. Kazakhstan Today - Бүгін Қызылорда облысына ерекше қонақтар келді.

Шырайлы шығыстан келген балақайлар Өскемендегі "Үміт" балалар үйініӊ тәрбиеленушілері. Бұл жолғы сапар әдеттегіден ерекше. Ондағы мақсат аймақтағы "Атамекен" балалар ауылыныӊ тәрбиеленушілерімен арада достық қарым-қатынас қалыптастыру. Сонымен қатар, екі жақтыӊ тәрбиеленулерібалаларды Сыр елініӊ киелі жерлерімен, тарихымен таныстырарада достық даӊғылын салып, өзара байланыс орнату.

Достарын ерекше ықыласпен қарсы алған "Атамекенніӊ" тәрбиеленушілері өздерініӊ концерттік бағдарламаларын ұсынды. Сонымен қатар үш ай жазғы демалыста қолөнер шеберлерінен алған дәріс барысында жасаған бұйымдары қойылған көрмені назарларына ұсынды.

Шара барысында арнайы сөз алған "Үміт" балалар үйініӊ директоры М.Бейсеканова балаларға достықтарыныӊ берік болуын тілеп, Өскеменнен әкелген сәлемдемелерін тарту етті. Одан әрі оқушылар қаланыӊ көрікті жерлерін аралап, қаладағы тарихи нысандарда болды. Үш күндік сапар барысында балалар "Қорқыт ата" мемориалды кешеніне, "Байқоӊыр" ғарыш айлағына және Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне барады.

Айта кетейік, аталмыш шара елімізде тұӊғыш рет ұйымдастырылуда. Бұл жазда жалғасын тауып, "Атамекен" отбасы үлгісіндегі балалар ауылыныӊ тәрбиеленушілері Өскеменге баратын болады. Мұндай үлкен мүмкіндікке балалар Елбасыныӊ "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында қол жеткізіп отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны