04.06.2013, 16:10 4985

Қызылорда облысындағы күшті дауыл үйлердің шатырын жұлып кетті

3-ші маусым күні сағат 20:20-да Қызылорда облысы Қармақшы ауданының Жосалы ауылында күшті дауыл мен екпінді жел болып, бірнеше үйлердің шатыры жұлынды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Астана. 4-маусым. Kazakhstan Today - Қызылорда облысындағы күшті дауыл үйлердің шатырын жұлып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

3-ші маусым күні сағат 20:20-да Қызылорда облысы Қармақшы ауданының Жосалы ауылында күшті дауыл мен екпінді жел болып, бірнеше үйлердің шатыры жұлынды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

"Аудандық әкімшілік ғимаратының 1368 шаршы метр, №121 орта мектептің 2000 ш.м. №183 орта мектептің 30 ш.м., №33 орта мектептің 400 ш.м. аудандық аурухананың 500 ш.м., орталық кітапхананың 40 ш.м., "Аққайың" балабақшысының 546 ш.м. шатырын жел ұшырып әкеткен",-деп жазылған хабарламада.

Бұған қоса 13 электр желісі бағанасы құлады. 3700 жеке тұрғын үй, 7 балабақша, 7 мектеп, 2 аурухана, 2 мәдениет үйі жарықсыз қалды. Қазір қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, оқиға орнында аудандық ТЖ комиссиясы жұмыс істеуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны