17.09.2018, 23:48 4159

Қызылорда облысындағы мектептердіӊ 93,1 пайызы кеӊжолақты интернетке қосылған

2018-2019 оқу жылында 154 559 оқушы, оныӊ ішінде 18 942-сі бірінші сыныпқа барады. Жаӊа оқу жылыныӊ қарсаӊында Қазалы және Жаӊақорған аудандарында жаӊа мектептер пайдалануға берілді, жыл соӊына дейін Арал қаласында 300 орындық және Қызылорда қаласында 600 орындық білім ошағы ашылады.

Қызылорда. 17 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазіргі таӊда Қызылорда облысындағы мектептердіӊ 93,1 пайызы кеӊжолақты интернетке қосылған. Сонымен қатар, мемлекеттік жекеменшік әріптестік негізінде 8096 ескі компьютер жаӊартылып, заманауи пәндік кабинеттер және 3D зертханаларымен қамтылатын болады. Бұл туралы Қызылорда облысыныӊ білім басқармасыныӊ басшысы Майра Мелдебекова мәлімдеді.

2018-2019 оқу жылында 154 559 оқушы, оныӊ ішінде 18 942-сі бірінші сыныпқа барады. Жаӊа оқу жылыныӊ қарсаӊында Қазалы және Жаӊақорған аудандарында жаӊа мектептер пайдалануға берілді, жыл соӊына дейін Арал қаласында 300 орындық және Қызылорда қаласында 600 орындық білім ошағы ашылады.

"Облыстағы қалған білім ошақтарында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таӊда облыстыӊ жалпы білім беру мектептерініӊ 93,1 пайызы кеӊжолақты интернет желісіне қосылған, жыл соӊына дейін қалған мектептер толығымен қамтылады. Мемлекеттік жекеменшік әріптестік шеӊберінде білім ұяларындағы 8096 ескірген компьютерді ауыстыру жоспарлануда. Бұдан басқа, 242 мектеп электрондық журнал "Күнделік" жүйесінде жұмысын бастайды", - деді білім басқармасыныӊ басшысы.

Айта кетейік, облыс орталығындағы барлық балабақшаларда "Электронды балабақша" жүйесі қосылған, басқа да мектепке дейінгі мекемелер жаӊа оқу жылында қосылады.

Жаӊа оқу жылынан бастап 3,6,8-сыныптар жаӊартылған мазмұндағы білім беру бойынша оқиды. Қырық алты инновациялық мектепте физика, информатика, химия және биология пәндері ағылшын тілінде оқытылады. Облыста 649 мұғалім ағылшын тілі курсынан өтті.

Сонымен қатар, 156 мектеп физика, химия, биология пәндерініӊ заманауи кабинеттерімен жабдықталуда, 92 мектеп робототехника кабинеттерімен, 9 оқушылар сарайы "3D зертханалармен" қамтылады. Қалалық және ауылдық мектептер деӊгейін теӊестіру бағытындағы шаралар аясында шағын жинақталған мектептер Bilim Book кешенімен қамтылады.

"Өздеріӊіз білетіндей, Жалағаш ауданы, Шәменов ауылындағы 2018 жылы апаттық деп танылған мектептен басқа облыста үш ауысымдық білім беру және апаттық мектептер жойылды. Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуға 1,5 млрд. теӊге бөлінді. 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін "Мектепке жол" дәстүрлі республикалық қайырымдылық акциясы өткізіліп, онда 4 мыӊнан астам бала 22 миллион теӊгеден астам қаражат көлемінде көмекке ие болды", - деді Майра Мелдебекова.

Жаӊа оқу жылында "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында 5-7 сыныптар бойынша "Өлкетану" пәні енгізіледі. Сондай-ақ, биылдан бастап 3-сыныптарда "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" пәні енгізілетін болады.

Естеріӊізге салайық, өткен оқу жылында 7113 мектеп бітіруші түлектіӊ 4742-сі Ұлттық бірыӊғай тестілеуге қатысқан. ҰБТ-ныӊ орташа балы 85,2% құрады. 2732 түлек мемлекеттік білім беру грантына ие болды. Сондай-ақ, Қызылорда облысы әкімініӊ 205 гранты, 43 ректор гранты, Мәскеу мен Санкт-Петербургтіӊ жетекші жоғары оқу орындарыныӊ 70 гранты мен ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясыныӊ жанындағы университетіне 10 грант бөлінді. 39 грант әскери оқуға және шетелдік университеттерге 29 грант бөлінген. Осылайша, 3 мыӊнан астам сыр бойылық түлек грант негізінде білім алады.

Мемлекет басшысы өзініӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты мақаласында былай деген:

"Экономиканыӊ кәсіптік сипаты бұрын-соӊды ешбір дәуірде мұншама жедел өзгермеген.

Біз бүгінгі жаӊа атаулы ертеӊ-ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағдайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеӊіл өзгертуге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді.

Осыны бек түсінгендіктен, біз білімге бөлінетін бюджет шығыстарыныӊ үлесі жөнінен әлемдегі еӊ алдыӊғы қатарлы елдердіӊ санатына қосылып отырмыз.

Табысты болудыӊ еӊ іргелі, басты факторы білім екенін әркім тереӊ түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердіӊ қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны