08.06.2017, 16:32 4297

Қызылорда облысындағы "Шапағат" балаларды сауықтыру орталығында еріктілер тобы қайырымдылық жасады

Олар қаршадайынан тағдырдыӊ тауқыметін тартқан балғындар үшін мерекелік кеш өткізіп, көтеріӊкі көӊіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, жақсылықты желкен еткен еріктілер тобы бөбектерге сый-сияпаттар үлестірді.

Қызылорда. 8 маусым. Kazakhstan Today - Қызылорда облысындағы "Шапағат" балаларды сауықтыру орталығында "Қайырымды жандар" еріктілер тобы қайырымдылық жасады. Олар қаршадайынан тағдырдыӊ тауқыметін тартқан балғындар үшін мерекелік кеш өткізіп, көтеріӊкі көӊіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, жақсылықты желкен еткен еріктілер тобы бөбектерге сый-сияпаттар үлестірді.

- Қайырымдылық істерімен халық алғысына бөленіп жүрген жандарға аналық ризашылығымызды білдіреміз. Елімізде, өлкемізде осындай қайырымды адамдар көп болса нұр үстіне нұр болар еді, - дейді "Шапағат" орталығыныӊ меӊгерушісі Шынар Жеӊсікбаева.

Сондай-ақ, жуырда ғана құрылса да көпшіліктіӊ ризашылығына бөленіп үлгерген ерікті жастар бұған дейінде қайырымдылық шараларын өткізген. Олардыӊ ұйымдастырушысы Фариза Қонысқызы бұл шара алдағы уақытта да өз жалғасын табатынын жеткізді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны