29.10.2018, 18:45 5754

Қызылорда облысындағы Жент қаласыныӊ орнында алдағы уақытта ірі көлемдегі экспедиция жүргізіледі деп күтілуде

Жент секілді республикалық маӊызы бар естеліктер қатарына жататын көне тарихи шаһарларды жаӊғырту - ұрпақ болашағыныӊ ұлттық қазықтан алшақтамауы турасындағы маӊызды парыз. Бұл парыз мемлекет басшысыныӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты бағдарламалық мақаласыныӊ аясында қарқынды түрде жүзеге асуда.

Қызылорда. 29 қазан. Kazakhstan Today - "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" бағдарламалық мақаласыныӊ "Қазақстанныӊ қасиетті географиясы" бағыты аясында тарих көмбесінде топырақ басып жатқан бірнеше қалалардыӊ насихаты артып, зерттелу деӊгейі өсті. Ұлт тарихында аӊызға бергісіз оқиғалардыӊ куәсі болған қалаларды дәріптеу - жаӊа ұрпақтыӊ бойында ұлттық болмысты ояту, санасын, руханиятын байыту турасында таптырмас дүние.

Тарихқа көз жіберсек, ежелгі қалалардыӊ негізгі шоғырланған аумағы - Сырдария өзенініӊ бойы. Малға да, жанға да пана болған қасиетті Сыр өӊірінде күллі Қазақ хандығыныӊ астанасы болған Сығанақ та, оғыздардыӊ ордасы Жент те, Сайрам, Исфиджаб сияқты көне қалалар да орналасқан.

Бүгін біз тарихы тереӊде жатқан, әлі толық зерттелмеген қала Жент туралы әӊгіме қозғамақпыз.

Жент қаласыныӊ атауы Х ғасырлардан бастап тарихи еӊбектерде кездеседі. Бұл кезде қаланыӊ орынында үлкен қорған болыпты-мыс. Кейіннен қаланыӊ тұрмыс-тіршілігі түзеліп, халықтыӊ жағдайы жақсара бастаған кезде, шамамен ХІІ-ХІІІ ғасырларда Жошыныӊ шабуылынан кейін жермен жексен болып қирайды.

Кейіннен Жент қаласыныӊ атауы қайта жаӊғырды. Бұл -XIV ғасырда оғыздардыӊ аталған шаһарды қонысқа айналдырған кезі еді. Қиранды қаланыӊ үстінен шағын ғана қала салып, өз тіршіліктерін жасайды.

Оғыздар тұрғызған қала кейбір деректерде Жент деп бұрынғы атауымен берілсе, кейде Жанқала (Жаӊақала) деген атау да кездесіп жатады.

Женттіӊ моӊғол шапқыншылығына дейін маӊызыныӊ зор болғандығы сондай, Арал теӊізін кейде "Женттік" деп атаған. Қала жөнінде Қазақ энциклопедиясында былай деп жазылған: "Жент - орта ғасырда Сырдарияныӊ төменгі ағысы бойында болған қала. Жент Жаӊадария өзенініӊ сол жағасында, мұсылман дүниесініӊ шекарасында туған қала. Х ғасырда түрік оғыздарға қараған. ХІ ғасырда моӊғол шапқыншылығына дейін Жент Сырдария бойындағы басты қала болған".

Ежелгі деректерде Арал теӊізініӊ өзін Жент көлі деп атағанын байқаймыз. Бұл көне шаһардыӊ уағында үлкен дәрежеге ие болғанын дәлелдейді. Жент қаласына Өзбекстанға асатын керуен көші тоқтап, дамылдайтын болған. Демек, бұл арада сауда базарыныӊ да болуы кәдік. Қытайдыӊ Шымбай базарынан шыққан керуен жолында орналасқан қаланы ежелгі зерттеушілер X-XII ғасырлар аралығында өмір сүрген деп топшылайды.

"Женттіӊ жанында Жент көлі деп аталатын көл бар. Оны кейде хорезмдік деп атайды. Аумағы 100 фарсах, ені 30 фарсах, суы ащы болып келеді". Бұл - Жаһаннамед жазбаларындағы көне қала туралы ақпарат. Расында қазіргі Жент қаласыныӊ орналасқан жерінен Жаӊадария өзені ауқымды түрде ағып өтеді.

Женттіӊ негізгі орнын Бартольд пен Лерх шамалап болжаса, 1946 жылы Сыр мен Имударияныӊ аралығын зерттеген С.П.Толстов нақты орынды белгіледі. Жент қаласыныӊ жұрты қазір Қызылорда облысыныӊ көлемінде орналасқан Аққолқа елдімекенінен 18 шақырым жерде орналасқан. Көне шаһардыӊ қабырғалары біршама көрініп тұр. Сондай-ақ, зерттеулер жүргізу барысында қала орынынан адамныӊ бас сүйегі, сол замандағы теӊгелер табылған.

Көзкөргендердіӊ айтуынша, қорған орны қаладан біраз үлкен және ол шапқыншылықтан кейін қалпына келтірілмеген сияқты. Өйткені қала жұртыныӊ қабырғалары әлі де көзге ілінерліктей биік болса, қорған орныныӊ тек сілемі ғана болар-болмас байқалады.

Жент қаласы "Қазақстанныӊ қасиетті географиясы" бағыты аясында үлкен насихатқа ие болып, ЮНЕСКО-ныӊ қасиетті жерлерініӊ тізіміне енді. Алдағы уақытта оғыздар мекен еткен тарихи жұрттыӊ орнына ірі көлемдегі экспедиция жүргізу күтілуде.

Міне, Елбасыныӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты бағдарламалық мақаласыныӊ "Қазақстанныӊ қасиетті географиясы" бағыты аясында тұмса тарихымыз дәріптеліп, жас ұрпақтыӊ санасына біршама рухани азық болды. Егер Жент қаласыныӊ аумағын тазалап, қирандыларды қалпына келтірер болсақ, бұл жер жол қашықтығына қарамастан тамаша туристік аймаққа айналар еді.

Жент секілді республикалық маӊызы бар естеліктер қатарына жататын көне тарихи шаһарларды жаӊғырту - ұрпақ болашағыныӊ ұлттық қазықтан алшақтамауы турасындағы маӊызды парыз. Бұл парыз мемлекет басшысыныӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты бағдарламалық мақаласыныӊ аясында қарқынды түрде жүзеге асуда.

Исіресе "Рухани жаӊғыру" бағдарламалық мақаласыныӊ "Қазақстанныӊ қасиетті географиясы" деп аталатын бағыты аясында жалғыз Жент қана емес, республика көлеміндегі тарихи-мәдени маӊызы бар барлық шаһарларға, кесенелерге жергілікті басшылық тарапынан үлкен көӊіл бөлініп, тіпті, бірқатар өӊірлерде жергілікті бюджет есебінен тарихи орындарға жаӊарту және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл - кез-келген қазақ үшін бөркін аспанға атып қуануға тұрарлық бастама. Өйткені, бір ғасырға жуық уақыт азулы империяныӊ қарамағында болып, өз тарихымыздан, ұлттық құндылықтарымыздан айырылып қала жаздаған едік. Бірақ, міне, ес жиып, етек жинадық, егемен ел болып, әлемдік дәрежеде бәсекеге қабілетті мемлекеттер қатарына кірдік. Енді Елбасы бастамасымен руханиятымызды жаӊартып, тарихи-мәдени білімімізді ұлғайтуға бет бұрдық. Бұл - ұлт пен мемлекет жетістігі.

Осындай көмбе тарихтыӊ куәсі болып көміліп жатқан қалаларды қалпына келтіру арқылы біз екі бағытты дамыта аламыз. Бірі - ұрпақ санасын, ұлт руханиятын жаӊғырту болса, екіншісі - туризм саласына тыӊ серпіліс әкелу.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны