05.05.2017, 17:44 7816

Қызылорда облысыныӊ Иділет департаменті "Жастар ресурстық орталығы" мекемесімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Іс-шара барысында меморандумға қатысушы жастарға нотариустар, сот орындаушылар, адвокаттар, бағалаушылар, Иділет департаментініӊ қызметкерлері тарапынан заӊгерлік кеӊестер көрсетіліп, жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

Қызылорда. 5 мамыр. Kazakhstan Today - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жастардыӊ бүгіні мен болашағына қамқорлық жасауды өз саясатыныӊ негізгі мәні деп санайды. Президент: "Кез келген ел өз келешегін болашақ ұрпағымен байланыстырады", - деген болатын. Сондай-ақ, Елбасы Жыл сайынғы жолдауларында да жастар саясатын жетілдіру бойынша бірнеше іргелі тапсырмалар беріп жүргені белгілі. Жастар саясатын жүзеге асыру елді жаӊашылдыққа, интеллектуалды бәсекелестікке жетелейді. Сондықтан жастар қоғамныӊ бір бөлігі ретінде мемлекетте маӊызды рөл атқарады.

Бүгін Қызылорда облысыныӊ Иділет департаменті "Жастар ресурстық орталығы" мекемесімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Іс-шараныӊ басты мақсаты: жастардыӊ құқықтық сауаттылығын арттыру, заӊгер мамандар арқылы жастарға кеӊестер беру болып табылады.

Іс-шара барысында меморандумға қатысушы жастарға нотариустар, сот орындаушылар, адвокаттар, бағалаушылар, Иділет департаментініӊ қызметкерлері тарапынан заӊгерлік кеӊестер көрсетіліп, жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны