03.12.2013, 19:50 2883

Қызылорда облысының Ийтеке би ауылында 600 орындық мектеп ашылды

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев ата-аналар мен оқушыларды мектептің ашылуымен құттықтады. Мекеме жаңа қондырғымен жабдықталған. Оқуышылардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалған.

Алматы. 03 желтоқсан. Kazakhstan today. Кеше, 2 желтоқсанда Қазалы ауданы Ийтеке би ауылында 600 орындық мектеп ашылды, деп Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев ата-аналар мен оқушыларды мектептің ашылуымен құттықтады. Мекеме жаңа қондырғымен жабдықталған. Оқуышылардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалған", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, облыс әкімі Арал мен Қазалы ауданына сапарлап барды, онда "Қолжетімді баспана - 2020" бағдарламасы бойынша 15 бір бөлмелі пәтердің ашылу салтанаты өтті.

"Баспана кілтіне ие болғандардың арасында - жетімдер, аз қамтылған отбасылар, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері бар", - деп хабарлайды әкімдік.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны