23.11.2017, 18:19 6146

Қызылорда облысыныӊ әкімі аймақтағы азаматтық қоғам өкілдерімен кездесті

20 қараша күні облыс орталығындағы "Достық" үйінде "Белсенді азаматтық қоғам - мықты Қазақстан" тақырыбында жиын өтті. Оған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысып, аймақтағы азаматтық қоғам өкілдерімен кездесті.

Қызылорда. 23 қараша. Kazakhstan Today - 20 қараша күні облыс орталығындағы "Достық" үйінде "Белсенді азаматтық қоғам - мықты Қазақстан" тақырыбында жиын өтті. Оған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысып, аймақтағы азаматтық қоғам өкілдерімен кездесті.

Жиынды "Қызылорда облыстық Азаматтық Альянсы" Қауым-дастығыныӊ төрайымы А.Сунгур жүргізді. Кездесуде облыс әкімі алғы сөз сөйлеп, аймақта атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

- Біз мұнай саласында ғана оӊды жағдайды еӊсере алмай отырмыз. Бұл - өнеркәсіп өнімініӊ көлемі бойынша объективті салдары бар жағымсыз жалғыз көрсеткіш. Дегенмен, аймақта басқа да атқарылып жатқан жұмыстар баршылық. Экономиканы әртараптандыру жұмыстары өз нәтижесін беруде. Мәселен, өӊдеу өнеркәсібі бойынша алдыӊғы қатарлы өӊірлердіӊ қатарындамыз. Қызылордада құрылыс жұмыстарыныӊ қарқын алғаны белгілі. Ауыл шаруашылығы саласында да оӊ нәтиже байқалып отыр. Биыл 500 мыӊ тоннадан астам Сыр маржаны жиналды. Білім саласында да ауыз толтырып айтарлық жетістіктер бар. Мектеп бітірген түлектердіӊ 97 пайызы жоғары және арнаулы орта оқу орындарына түскен. Бүгінде Ресейдіӊ жетекші техникалық жоғары оқу орындарында біздіӊ 452 түлегіміз сол елдіӊ грант негізінде білім алуда. Қазір Сырдарияныӊ сол жағалауында құрылыс жұмыстары жүріп жатқаны белгілі. Онда бұрынғы Қазақ Орталық Атқару комитеті ғимаратыныӊ нұсқасы бойынша облыстық музей салынуда. Оныӊ бір жағы мұражай да, екінші жағы Рухани жаӊғыру орталығы болатынын айтқан облыс басшысы бұл жетістіктерге үкіметтік емес ұйымдардыӊ да қосқан үлесі бар екенін атап өтті.

Шарада бірқатар азаматтарға облыс әкімініӊ алғыс хаты берілді.

Жиын барысында "Арал теӊізі" қоғамдық бірлестігініӊ төрайымы А.Баймаханова экологиялық бағыттағы жұмыстарға тоқталса, "Қызылорда облыстық Азаматтық Альянсы" Қауымдастығы Байқоӊыр қаласындағы филиалыныӊ жетекшісі Б.Қалиянова жұлдызды қаладағы үкіметтік емес ұйымдардыӊ жұмысын баяндады. Сондай-ақ, "Ұмай" емдеу-тәрбиелеу балалар қайырымдылық үйініӊ директоры, БҰҰ жанындағы балаларға көмек беру төтенше қорыныӊ аймақтағы бағдарламалар үйлестірушісі, А.Ізден қоғамдық сананы жаӊғырту, сыбайлас жемқорлықтыӊ алдын алу бағытындағы жұмыстарды әӊгіме арқауына айналдырды. Ал, "Руханиятты қолдау" қоғамдық қорыныӊ төрағасы Ғ.Тұяқбаев рухани жаӊғыру және латын қарпіне көшу мәселелерін сөз етті. "Жас ғалымдар альянсы" қоғамдық бірлестігініӊ мүшесі "Нобель" медалініӊ иегері, Қорқыт ата атындағы ҚМУ "Физика-химиялық талдау әдістері" инженерлік бейіндегі зертханасыныӊ жетекшісі Н.Аппазов ғылыми жұмыстар туралы ойларымен бөлісті.

Кездесуде басқа да үкіметтік емес ұйымдардыӊ мүшелері өз ойларын ортаға салды. Белсенді азаматтық қоғам өӊірдегі көптеген мәселелерді бірлесіп шешуде сенімді әріптестік құра алады. Бұл кездесуден ортақ мақсатта атқарылған жұмыстыӊ нәтижесі болатыны айқын аӊғарылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны