20.09.2017, 17:30 4491

Қызылорда облысыныӊ әкімі "Ақ бидай" VI ауыл спорт ойындарыныӊ жүлдегерлерін қабылдады

Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев Ақтөбеде өткен ҚР "Ақ бидай -2017" VI ауыл спорт ойындарында жалпы командалық есепте 3-орынды иеленген облыс құрамасын қабылдады.

Қызылорда. 20 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев Ақтөбеде өткен ҚР "Ақ бидай -2017" VI ауыл спорт ойындарында жалпы командалық есепте 3-орынды иеленген облыс құрамасын қабылдады. Шара барысында аймақ басшысы айтулы жарыста өӊір мерейін үстем еткен саӊлақтарға алғыс пен жылы лебізін білдірді.
Төрт жылда бір рет өтетін дүбірлі бәсекеде Сыр спортшылары 14 облыстыӊ арасынан 174 ұпаймен қола жүлдеге қол жеткізіп, тұӊғыш рет үздіктер қатарынан көрінді. Спорт түрлері бойынша қазақ күресі мен тоғызқұмалақтан облыс құрамасы жеӊіс тұғырынан көтерілсе, Президенттік көпсайыс пен гір спортынан жекелей сында жүлделі орындарды еншілеп, команданыӊ алға шығуына өз үлестерін қосты. Кездесу барысында тоғызқұмалақтан 3 дүркін Илем чемпионы Хәкімжан Елеусінов пен қазақ күресінен Қазақстан жеӊімпазы Нұрым Сәлімгереев жарыстан алған әсерлерімен бөлісті.

Айта кетейік, келесі республикалық "Ақ бидай" VII ауыл спорт ойындары 2021 жылы Маӊғыстау облысында өткізіледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны