13.06.2017, 14:57 3475

Қызылорда облысыныӊ әкімі Артур Нығметовті Қызылорда облысыныӊ құрмет грамотасымен марапаттады

Қызылорда облысыныӊ актив отырысында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Орталық коммуникациялар қызметініӊ директоры Артур Нығметов аймақтыӊ әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан ерекше үлесі үшін Қызылорда облысыныӊ құрмет грамотасымен марапатталды.

Қызылорда. 13 маусым. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ актив отырысында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Орталық коммуникациялар қызметініӊ директоры Артур Нығметов аймақтыӊ әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан ерекше үлесі үшін Қызылорда облысыныӊ құрмет грамотасымен марапатталды. Бұдан бұрын Артур Нығметов Қызылорда облысы әкімініӊ әлеуметтік-саяси мәселелер мен ақпараттық саясат жөніндегі кеӊесшісі қызметін атқарған.

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев А.Нығметовке жаӊа қызметте табыстар тіледі.

- Аз ғана уақыт еӊбек еткеніне қарамастан Артур Сағидоллаұлын көп іс тындырып кетті десек, артық айтқандығымыз болмас. Ол жергілікті атқарушы органдар мен бұқаралық ақпарат саласы өкілдерініӊ арасында жаӊашыл қарым-қатынас орнатып, аймақтағы атқарылған жұмыстардыӊ жоғары деӊгейде ақпараттандырылуына ерекше үлес қосты. Сыр өӊірініӊ жергілікті атқарушы органында жемісті жұмыс жасап, ақпарат саласыныӊ нығаюына аянбай еӊбек еткені үшін Артур Сағидоллаұлына шексіз алғысымды білдіремін және алдағы жұмыстарына толағай табыстар тілеймін, - деді аймақ басшысы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны