01.06.2017, 17:39 4850

Қызылорда облысыныӊ әкімі балаларға арналған әлеуметтік нысандарды аралады

Халықаралық балаларды қорғау күні Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев "Атамекен" балалар ауылында, облыстық балалар ауруханасында және "Шағбан" инклюзивтік балабақшасында болды

Қызылорда. 1 маусым. Kazakhstan Today - Халықаралық балаларды қорғау күні Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев "Атамекен" балалар ауылында, облыстық балалар ауруханасында және "Шағбан" инклюзивтік балабақшасында болды.

31 мамыр күні аймақ басшысы, ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Ибдіқалықова және Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасыныӊ орынбасары Дархан Мыӊбаймен бірге отбасы үлгісіндегі "Атамекен" балалар ауылына барып, ондағы тәрбиеленушілерді мерекесімен құттықтады. Бүлдіршіндерге музыкалық аппаратура сыйға тартты.

Ал,"Атамекен" ауылыныӊ кішкентай тұрғындары мәртебелі меймандар назарына арнайы әзірлеген концерттік бағдарламасын ұсынды.

1 маусым күні облыс әкімі облыстық балалар ауруханасында болып, ондағы онкогематология,паллиативті емдеу бөлімшелеріндегі емделушілермен кездесіп, оларға сыйлықтар табыс етті. Сонымен қатар, неонаталдық хирургия және сәулелік терапия бөлімшелерініӊ жұмысымен танысты.

Естеріӊізге сала кетейік, Қызылорда қаласында 300 орындық балалар ауруханасы өткен жылы ашылған болатын.

Сондай-ақ, Қырымбек Көшербаев "Балапан" бағдарламасы аясында салынып, 2014 жылдыӊ шілдесінде өз жұмысын бастаған "Шағбан" инклюзивтік балабақшасында болды.

Тәрбиеленушілердіӊ тезірек сауығуы үшін мұнда заманауи емдеу тәсілдері кеӊінен қолданылады. Мысалы: аутизм және басқа да науқас балалар үшін "ТАМЕТИСТ" бағдарламасы, иппотерапия (жылқы арқылы емдеу) және т.б.

Балабақшадағы тәрбиеленушілерді облыс әкімі мерекемен құттықтап, сыйлықтар табыс етті. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі балаларға деген қамқорлықтары үшін балабақша қызметкерлеріне алғысын білдірді.

- Қызылорда облысында 5062 мүмкіндігі шектеулі бала болса, соныӊ ішінде 2238 бала инклюзивтік біліммен қамтылған. Сіздер ата-бабамыздыӊ дәстүрін насихаттап, балаларды атқа мінгізу арқылы сауықтырып қана қоймай, сонымен қатар үлкен өмірге жол ашып беріп отырсыздар. Біз "Шағбан" балабақшасыныӊ тәжірибесін облыс көлемінде насихаттап, қолдап, оныӊ жұмыс аясын кеӊейтуге мүдделіміз. Алдағы уақытта облыстық әкімдік тарапынан бұл жұмысты зерттеп, тәжірибеніӊ әрі қарай жұмыс жасауына мүмкіндіктер жасаймыз, - деді облыс әкімі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны