09.02.2007, 17:51 3052

Қызылорда облысының әкімі бірінші кезекте шешілуі тиіс мәселелерді жария етті

ҚЫЗЫЛОРДА. 9 ақпан. Kazakhstan Today.Қызылорда облысының әкімі Мұхтар Құл Мұхаммед бүгін халыққа есеп беруге арналған кездесуде бірінші кезекте шешілуі тиіс маңызды мәселелерді атап өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Оның ішінде кезек күттірмей шешілуі тиісті аймақты газбен, сумен және жарықпен қамтамасыз ету мәселелері бар.

Облыс әкімінің пікірінше, энергия тапшылығын шешу үшін 35-50 МВт екінші газқұбырлы станциясын салу керек . Есеп беру кездесуінде әкім "бұл мәселені халық үшін ғана емес, жаңа өндіріс орындарын ашу үшін де жылдамдату қажет",-деді.

Сонымен қатар, аймақты газбен қамтамасыз ету мәселесін шешу талабы тұр. "Жобаны толық жүзеге асыру үшін кем дегенде 5,5 млрд. теңге қажет",-дейді облыс басшысы.

"Бұл жобаларды жүзеге асыру мен үшін -абырой,-деп мәлімдеді М. Құл- Мұхаммед. Аймақтың болашағы және инвесторларды тарту осы жобаларға байланысты".

Қазіргі кезде облыс бюджетінің 60% трансферттер мен дотациялар құрайды. Аймақтың жаңа басшысы бұл мәселелерге үкімет түсіністікпен қарап , қолдау көрсетеді деген сенімде.

Есеп беру кездесуінде Арал өңірінің басқа да проблемалары талқыланды: су тапшылығы, жолдардың сапасы, жер учаскелерін бөлу, коммуналдық саланың жағдайы. Икім барлық мәселелер мен ұсыныстарды мұқият қарауға уәде берді.

16 ақпан күні М. Құл-Мұхаммед жергілікті тұрғындармен тікелей эфирде кездесуді жоспарлап отыр. Сыртқы саясат департаменті хабарлағандай, телерадиокомпания ғимаратында арнайы ашылған орталыққа бүгіннің өзінде әкімге Арал өңірінің халқынан бір мыңға жуық сұрақ келіп түскен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны